Лекция №1 Тақырыбы


Гликозидтерді және олардың метаболиттерін анықтау



бет26/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Гликозидтерді және олардың метаболиттерін анықтау. Алкалоидтарды бөліп алған сияқты гликозидтерді де тексерілетін субстраттардан спирт ерітінділері арқылы бөліп алады. Бөлініп алынған ерітіндідегі гликозидті төмендегі реакциялар арқылы анықтауға болады.
Өгіздің өтімен қойылатын реакция. Пробиркада 1 мл суға аздаған бұқаның өтін ерітеді. Оған сондай мөлшерде концентратты күкірт қышқылын қосады. Осы қосындының бетіне тексерілетін ерітіндіні ақырындап қабаттастырады. Егерде тексерілетін ерітіндіде гликозид болатын болса, онда олардың түйіскен жерінде қан-қызыл сақина пайда болады, ал оларды шайқап араластырғанда ерітінді қызыл түске боялады.
Фелинг ерітіндісімен қойылатын реакция. Тексерілетін ерітіндіні күкірт немесе тұз қышқылының ерітіндісінде ерітіп қайнатады да, сүзеді. Мұндай жағдайда құрамында гликозиді бар тексерілетін ерітіндіден глюкоза немесе қанттың басқа бір түрі түзіледі. Сүзіндіге фелинг ерітіндісін қосады. Фелинг ерітіндісін дайындау үшін мыс купоросының 4 %-ды ерітіндісін, 20 г сегнет тұзы мен 15 г сілтілік натрийдің қоспасының 100 мл судағы ерітіндісімен бірдей көлемде араластырады. Тексерілетін ерітіндіні қышқылмен қосып қайнатқанда түзілетін глюкоза немесе қанттың басқа түрінің фелинг ерітіндісін қалыптастыратын қасиеті бар. Фелинг ерітіндісі құрамындағы қоспаларға байланысты көк түсті болып келеді. Ал ол қалыптасқанда көк түсі жойылады да, мыс қышқылы гидратының сары түсті тұнбасы пайда болады. Оны қыздырғанда ол қызыл түске айналады. Осылай жүретін реакция тексерілетін субстраттың құрамында гликозидтің бар екенін дәлелдейді.
Сапонинді анықтау. Сапониндерді өсімдіктерден бөліп алу үшін спирттің ыстық ерітіндісін қолданады. Оған әсіресе метил спирті өте қолайлы. Осындай спирт арқылы жасалған қоспанй суытқанда сапониндер ақ ұнтақ ретінде тұнбаға түседі. Концентрациясы күшті күкірт қышқылы оны қызыл түске бояйды.
Тексерілетін субстратта сапониннің бар-жоғын білу үшін гемолитикалық тексеру әдісін де қолдануға болады. Ол үшін физиологиялық ерітінді мен эритроциттердің 5 %-ды тұнбасы пайдаланылады. Бұл әдістің негізіне сапониндердің эритроциттерді ерітетін қасиеті алынған.
Синиль қышқылын анықтау. Ол үшін бензидин және пикрат қағаздарын қолданады. Тексерілетін затты жақсылап ұнтақтап, 10-15 г мөлшерінде колбаға салып, оны 1% тұз қышқылының ерітіндісімен аздап ылғалдайды. Оған тексерілетін затқа тимейтіндей етіп, синиль қышқылына индикатор ретінде, бензидин мен пикрат қағаздарын орналастырады. Колбаны тығыздап жауып 30-35ºС термостатқа қояды. Егер тексеретін субстратта синиль қышқылы болса, онда бензидин қағазы көгереді, ал пикрат кағазы қызыл-сарғыш түске боялады. Жоқ болған жағдайда қағаздар 48 сағат бойына түстерін өзгертпейді. Міне осылай синиль қышқылының бар-жоғын анықтайды. Ал оның мөлшерін анықтау үшін аргентометриялық және меркуртеметриялық әдістер қолданылады.
Соланинді анықтау. Ол үшін картоптан қалыңдығы 1 мм бірнеше кесінділер жасайды. Кесінділерді алу әдісі:

  1. Төбесінен негізіне дейін картопты тең екі бөлікке бөлетін жерінен;

  2. Көлденең – негізгі және бас жақ бөліктерінен;

  3. Жанынан;

  4. Картоптың көздерінің төңірегінен.

Ол кесінділерді фарфор ыдысына немесе сағат шынысына орналастырады да, оған тамшылатып алдымен 80-90 % сірке қышқылын, артынан концетрациялы күкірт қышқылын қосады. Соңында бірнеше тамшы 5 %-ды сутегінің қос тотығын тамызады. Егерде кесінділерді соланин болатын болса, онда тамшы тиген жер қара-қошқыл немесе қызыл түске боялады.
Соланиннің нақтылы мөлшерін анықтайтын да әдістер бар. Ол әдістер әлдеқайда күрделірек болып келеді. Сондай қажет болған жағдайда арнайы анықтамалардан тауып алуға болады. Жалпы уланған малдың диагнозын білу үшін соланиннің сапасын анықтау жеткілікті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет