2.2. Пісіру трансформаторлары. Пісіру трансформаторлары доғамен, түйістіріп, тігістіріп немесе жанастырып, нүктелеп пісіру сияқты электрмен пісірудің сан түрлерінде қолданылады. Пісіру трансформаторларының ерекшелігі магнит ағынын шашыратуы жоғары. Ол бірінші ораманың және екінші орамаларды қималары әртүрлі өзектерге орналастыру немесе магнитөткізгіштерінің арасындағы ауа саңылауын реттеп отыратын магнит шунттарын қолдану арқылы атқарылады.
Пісіру трансформаторының екінші кернеуі пісірушінің қауіпсіздігін сақтайтын және жану доғасының тұрақты болуын қамтамасыз ететіндей етіп алынады. Айнымалы тоқты пайдаланғанда бұл екі шарт кернеу 40…70 Вольт және пісіру трансформаторының шұғыл төмендейтін сыртқы сипаттамасы болғанда қанағаттандырылады.
Белгілі технологиялық әрекет жағдайына қарай пісіру доғасының тоқ күшін реттеу, мысалы: металлды пісіру немесе кесу тікелей магнитөткізгіштің немесе трансформатордың немесе реактивті шарғының екінші орамасымен тікелей жалғасқан магнит шунттардың арасындағы ауа саңылауының шамасын өзгерту арқылы жасалады. (1.18-сурет). Пісіру тоғын реттеудің екінші нұсқасы бір фазалы трансформатордан бір уақытта техникалық әрекеттері бірнеше жұмыс орнын қоректендіруге мүмкіндік береді.