2.3. Өлшеуіш трансформаторлар. Тәжрибеде ондаған және жүздеген вольттық және амперлік кернеулер мен тоқтарды өлшеуге және бақылап отыруға тура келеді. Техникалық тұрғыдан да қауіпсіздік техникасы тұрғысынан да мұндай шамадағы тоқтар мен кернеулерді тікелей өлшеудің мүмкіндігі жоқ. Осындайда тоқ пен кернеу өлшеуге арналған трансформаторлар қолданылады. Кернеу өлшейтін трансформаторлар бірінші орамадағы кернеудің қандай екеніне қарамастан оны стандартталған шамаға дейін төмендетуге қолданылады. Сөйтіп бір жағынан қызмет көрсетушіні жоғары кернеуден бөліп тұрады, екіншіден электр өлшейтін аспаптарды (вольтметр, ватметр, счетчик және реленің кернеулік орамалары) кернеу өлшеуіш трансформатордың екінші орамасының тізбегіне тікелей жалғауға мүмкіндік береді.
Құрылысы мен жұмысы бойынша кернеу өлшейтін трансформаторлар, бұрын қарастырылған күш трансформаторлардан ерекшеленбейді, тек қана онда міндетті түрде 100 немесе 150 Вольтты стандартталған екінші кернеу және магнитөткізгіші төмен индукция (В 0,6…0,8) бөлу тиіс, ол үшін оны жасағанда жоғары сапалы электротехникалық болат қолданылады.
Кернеу өлшейтін трансформатордың қалыпты қуаттылығы оннан жүз ВА-ге дейін болады және қалыпты жағдайдағыдан (5…8) есе артық жүктеме кезінде қызбай ұзақ уақыт жұмыс істей алады, бұл өлшеу дәлдігі аса дәл болмауы кезінде ғана.
Кернеу өлшеу трансформаторларының кернеу өлшеудегі қателіктерінің өте жоғарылығымен
fu = ((U2 w1/ w2) U1) 100%/ U1(1.85)
және U1 мен (-U21) кернеу векторларының арасындағы ығысу бұрышына тең бұрыштық қателікпен δи сипатталады.
Қателік шегінің мүмкін болатын ауытқуы дәлдігі бойынша: 0,2; 05; 1,0 және 3,0 болып 4 классқа бөлінеді.
Ең көп қатерлер дәлдік класына байланысты және қалыпты жүктемелер үшін дәлдік кластары: 0,2 (зертханалық)
Щ = Ғ 0,2 % және би =Ғ 1,0;
0,5 - Щ =Ғ 0,5% және би =Ғ20;
1,0 - Щ =Ғ 1,0 % және би =Ғ 401;
3,0 - Щ =Ғ 3,0 % және би нормаланбайды.
Қосылған аспаптар немесе реленің кедергілері неғұрлым көп болса, қателік соғұрлым аз болады.
Тоқ өлшейтін трансформаторларда екі орамалы трансформаторларға ұқсатып жасалады, бірінші орамасының орамдары аса көп болмайды (шин), екінші ораманың орамдары көп болғанда, бір орамаға дейін жетеді.
Бірінші орама тағы өлшенетін тізбекті үзіп жалғастыра қосылады. Екінші ораманың қысқыштарына тиісті өлшеуіш аспаптың (амперметр, ваттметр,счетчиктер немесе реле) тоқтың орамасында әдетте аспатардың электр кедергісі өте аз болады. Сонымен тоқ өлшеуіш трансформаторлардың қалыпты жұмыс тәртібі, іс жүзінде, қысқа тұйықталу тәртібі болып келеді.
Трансформатордың қалыпты тоқтары стандартталған. Алғашқы (5…15000) Ампер шамасында, екіншісінің стандарттық екі мәні болады: 5 және 1 Ампер. Мұндай мәндерде тоқ трансформаторының өзекшесідегі индукцияның мәні өте мардымсыз, 0,08..1,0 Тесладан аспайды.
Қызметіне қарай трансформатордың құрылысы да әр түрлі болады. Мысалы: өтпелі, пішіні өтпелі оқшаулағыштарға ұқсайтын, шинді-бірінші ормасында бір орамы ғана бар үлкен тоқтарға арналған (шиннің өзінде); зертханалық-көпшекті және т.б. қауіпсіздік мақсатында қосқан кезде тоқ трасформаторының екінші орамасын ажыратулы күйінде қалдыруға немесе жұмыс кезінде ажыратуға болмайды. Бұл жағдайда екінші ораманың магнитсіздендіру әрекеті болмайтындықтан (І2=0) индукцияның мәнін (15…20) рет арттыру магнит ағыны өседі. Болаттағы шығындар қауырт көбейеді және трансформатор міндетті түрде қызады. Алайда, басты қауіп орам саны көп екінші орамадағы ЭҚК-тің шамадан тыс өсуі.
Кернеудің мәні оңдаған мың Вольтқа жетеді, ол ораманың оқшаулағышы мен қызмет адамдарына қауіпті. Тек өлшеу трансформаторлары тоқтық қателігінің шектелуімен
fі = ((І2 w2/ w1) І1) 100%/ І1(1.86)
және І1 мен (-І21) тоқтардың асындағы ығысу бұрышына тең δі бұрыштық қателікпен сипатталады. Қателесу мүмкін шегіне байланысты тоқ трансформаторларын дәлдігі бес классқа бөлінеді:
0,2 (fі = Ғ0,2% және δі =Ғ101)
0,5 (fі = Ғ0,5% және δі =Ғ401)
1,0 (fі = Ғ1,0% және δі =Ғ801)
3,0 және 10,0 қателіктер нөмірленбейді мұнда өлшеуіш аспаптардың екінші ораманың қысқыштарына бірінен кейін бірі жалғаса қосылған тоқ орамаларының кедергілерінің сомасы ток 5,0 Ампер болғанда (0,2…2,0) Ом, ток 1,0 Ампер болғанда (5,0…30,0) Ом шамасында болуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1. Үшфазалы кернеу трансформаторының магнит жүйесінің бір фазалы кернеу трансформаторынікінен айырмасы қандай?
2. Үшфазалы трансформатордың орамасын қандай сұлба бойынша жалғастырғанда сан мәні екі түрлі кернеу алынады?
3. Үшфазалы кернеу трансформаторының бірінші және екінші орамаларын жалғаудың үйлесімді сұлбасын таңдап алуда нені ескеру керек?
4. Үшфазалы кернеу трансформаторының тобы деген не?
5 . Кернеу трансформаторының қысқа түйықтау кернеуі деген не?
6. Үшфазалы кернеу трансформаторларын параллель істеуге қосу шарттары.
7. Қуаттылығы әртүрлі үшфазалы трансформаторларын параллель жұмыс істеуге болама?
8. Үшорамалы үшфазалы трансформатордың,екі орамалы трансформатордан айырмашылығы.
9. Автотрансформатордың жәй трансформатордан артықшылығымен кемшілігі.
10. Пісіру трансформаторы тоғының күшін реттеу тәсілдері.
11. Кернеу және тоқ өлшейтін трансформатордың қызметі.
12. Кернеу өлшетін трансформаторлардағы екінші кернеулерінің стандартты мөлшері.
13. Тоқ өлшейтін трансформаторлардағы екінші тоқтың стандарттық мөлшері.