Лекция 1 Трансформаторлар


-дәріс 1. Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы



бет43/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

9-дәріс


1. Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы.
2. Асинхронды қозғалтқыштың айналдыру моменті.


1. Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы. Асинхронды қозғалтқыш статоры орамасына берілген электр энергиясының білікті айналдыратын механикалық энергияға айналуы, оның машиненің әртүрлі бөлшектерінде шығын болуымен байланысты. Бұл асинхронды қозғалтқыштың жұмыс қасиеттерін білуде зор маңызы бар процесс.
2.18-суретте асинхронды қозғалтқыштың статоры орамасына берілген электр энергиясының білікті айналдыратын механикалық энергияға айналу сатылары бойынша анық қадағалауға, ондағы электр шығындарын білуге мүмкіндік береді.
Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың электр желісінен алған активті қуаттылығы ЭТН курсынан белгілі өрнек бойынша анықталады:
(2.109)
Бұл қуаттың бір бөлігі статор орамасының өткізгіштері арқылы өткенде жұмсалады. Қуаттың бұл шығындары мыстағы электр шығындары деп аталады:
, (2.110)
мұндағы R1 статор орамасы фазасындағы Ом кедергілері; І1–статор орамасыфазасындағы тоқ.
Электр қуатының мыстағы шығыны жылуға айналады да, статор орамасын қыздырады. Желіден тұтынылған қуаттың енді бір бөлігі асинхронды қозғалтқыш статорының болаттарында пайда болған айнымалы магнит өрісінің әсерінен болатын құйынды тоқтар мен гистерезис құбылысына шығындалады. Олар статор болатындағы электр шығындары делініп мына өрнекпен анықталады:
(2.111)
Құйынды тоқ Рқұй мен гистерезис Ргс шығындары статор теміріндегі магнит индукциясының Вс жиілігінің өзгеруіне тәуелді. Олардың қорытынды мәні мына өрнекпен есептеледі:
, (2.112)
мұндағы Р(50) =(1,7…4,0); В=1,0 Тл және ƒ=50Гц кезінде статор болатының сортына және қаңылтырдың қалыңдығына байланысты болатын меншікті шығын; Вс –статор болатындағы есепті индукция, Тл; G - статор массасы, кг.




2.18-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы.


2.19-сурет. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың механикалық шығындары (Рмех).



Статор болатындағы шығын статорды қыздыратын жылу ретінде де көрінеді. Мыстағы шығындар Рм мен статор орамасындағы және ротор болатындағы шығындарды алып тастаған соң қалған қуат электр магниттік қуат делінеді.


(2.113)
Ол магнит өрісі арқылы ауа саңылауы бойынша асинхронды қозғалтқыштың раторына шығынсыз беріледі, ротордың орамасы тұйықталғанда онда және статорда қуаттың бір бөлігі орама өткізгіштерінде Рм(а)2 және ротор болатындағы Рс2 құйынды тоқтар мен гистерезистен электр шығындары ретінде жұмысалады.
Ратор орамасы мысындағы (алюминийде) шығындар сандық тұрғыдан мына өрнекпен анықталады:
, (2.114)
мұндағы m2–ротор орамасының фазалар саны; І2 – ротор орамасы фазасының тоғы; R2–ротор орамасы фазасының өткізгіштерінің кедергісі. Жұмысшы сырғанау шегі S<0,1 болғандықтан ротор болатындағы шығындарды, әдетте елемейді (Рс2 О). Қажет кезінде оны Рс2(1/50) Sβ Вр2 Gр өрнегі бойынша есептейді, мұндағы Вр – ротордағы индукция; Gр –ротор болатының массасы; S-сырғанау; β=(1,2…1,5)- ротор болатының сортына байланысты дәреже көрсеткіші. Ротор мысындағы (алюминииде) шығынды Рм(А)2 алып тастағаннан кейінгі қуат, асинхронды қозғалтқыштың роторы дамытатын механикалық қуат Рмех деп аталады. Сонымен асинхронды қозғалтқыш роторы дамытатын механикалық қуат, оған статор орамасының магнит өрісі берген электр магниттік қуаттан, ротор орамасындағы электр шығындарындай шамаға аз болады.
(2.115)
Асинхронды қозғалтқыштардың біліктеріндегі механикалық қуат қозғалтқыш роторындағы механикалық қуаттан қосымша шығындар Рқос шамасындай аз болады. Қосымша шығындарға қозғалтқыштың айналатын бөліктерінің ауамен үйкелісіне, айгөлектердің үйкелісіне, шашыраңқылық ағынына, статор мен ротордың тістеріне магнит ағындарының жоғары горманикасына және басқа да себептерден болатын үстеме шығындар Рү жатады.
Қосымша шығындарды есептеу деңгейінің дәлдігі іс жүзінде аса жоғары емес. Сондықтан олар қозғалтқыштың желіден алған активті қуатының пайыздық қатынас шамасында мөлшерлеп алынады. Қалыпты жүктемеде қосымша шығындар қозғалтқыш тұтынған қуаттың (1,8…0,8)% ін құрайды:
(2.116)
Қосымша шығындарды толығырақ есептеу үшін олардың құраушыларын жеке-жеке, ол үшін Рү =0,005Р деп алып, Рмех-ті 2.19–суретте көрсетілген қисық сызықтар бойынша анықтайды. Сонымен, қозғалтқыш бетіндегі механикалық қуат Р2 қозғалтқыштың желіден тұтынған қуатынан Р1 жоғарыда аталған барлық шығындарды алып тастағандағы айырмасына тең.
, (2.17)
мұнда ∆ P = Pм1с1м2ү
Тиімді пайдаланған қуаттың (біліктегі қуат) асинхронды қозғалтқыштың электр желісінен тұтынған активті қуатына қатынасы оның ПӘК-ін анықтайтындықтан:
(2.118)
Бұдан асинхронды қозғалтқыш білігіндегі механикалық қуат электр өлшемдері арқылы мына теңдеумен өрнектеледі:
(2.119)




2.20-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы М=f(S).




2.21-сурет. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың жылдамдық (механикалық) сипаттамасы n =f (M).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет