Лекция 1 Трансформаторлар


Асинхронды қозғалтқыштың айналдыру моменті



бет44/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

2. Асинхронды қозғалтқыштың айналдыру моменті. Асинхронды қозғалтқыш білегіндегі айналдыру моменті механикаден белгілі, мына өрнек арқылы Ньютонмен анықталады.
, (2.120)
мұндағы ротордың бұрыштық айналу жиілігі, рад/с; Р2- біліктегі қуат, Ватт.
(2.120) дағы ω2 ні (2.14) арқылы алмастырып, асинхронды қозғалтқыш білігіндегі моментті сырғанау функциясы түрінде аламыз:
, (2.121)
мұндағы ω1–статор орамасының магнит өрісінің синхронды бұрыштық айналу жиілігі.
(2.21)–теңдеу асинхронды қозғалтқыш білігіндегі моменттің өзгеру сипаты туралы толық мағлұмат бермейді, себебі сырғанаудың өзгеруімен бір уақытта оның қуаты да өзгереді. Онымен қоса, жүргізіп жіберу кезінде, S=1,0 кезінде (2.21) теңдеуі анықталмаушылыққа келтіреді: .
Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс қасиеттерін зерттеу үшін момент теңдеуін бір айнымалысы бар функцияға, мысалы жылдамдыққа немесе сырғанауға келтіру керек. Электрмагниттік моментті электрмагниттік қуат пен қозғалтқыш статоры орамасының магнит өрісінің бұрыштық айналу жиілігі арқылы көрсетіп мынаны аламыз:
, (2.122)
мұндағы
(2.123)
Асинхронды қозғалтқыш (2.17-сурет) роторы орамасының Омдық кедергісі R2 мен тоғы І2 эквивалентті электр сұлбасы өлшемдері арқылы…
; (2.124)
, (2.125)
болғандықтан, онда
(1.126)
І2" тоғын Ом заңы бойынша жазып Г тәрізді орнын басу сұлбасы (2.17-сурет):
, (2.127)
оны (2.126)-теңдеуге қою арқылы, асинхронды қозғалтқышты эквивалентті электр сұлбасы арқылы электрмагниттік қуаттың туаттың түбегейлі өрнегін аламыз:
(2.128)
Сонда асинхронды қозғалтқыштың іздеген электр магниттік теңдеуі 2.122 сырғанау S функциясында қалған басқа өлшемдері тұрақты болғанда, былай жазылады:
(2.129)
Іс жүзінде асинхронды қозғалтқыш білігіндегі моменттің М2 электрмоментінен Мэм айырмасы аз, себебі:
М2 = Мэм – Мо (2.130)
мұндағы М0–бос жүріс кедергісінің моменті, олар айгөйлектегі механикалық үйкелістен, сондай-ақ статор мен ротор тістеріндей магнит өрістерінің соғуынан құралады. Көп жағдайда оларды М2 Ммэ = М деп санап (2.131) ескермеуге болады. 2.20-суретте (2.129) теңдеуі бойынша тұрғызылған М=ƒ(S) қисығы көрсетілген. Одан асинхронды қозғалтқыш моментінің сырғанауға байланысты. Өзгеру сипаты күрделі екенін көреміз. Сырғанаудың көбейуіне қарай жүктеменің артуына сәйкес. Біліктегі момент шырқау шегі мәніне дейін артады. Ммах да 2.20-суреттегі 2 нүктесіне дәл келеді. Сырғудың (жүктеменің) одан ары ұлғаюында момент азая бастайды, ол 2.20-суреттегі 3 нүктесіне дәл келеді.
Жалпы қолданыстағы асинхронды қозғалтқыштың ауыспалы кезеңдегі сырғанау S=0,3…0,1 және оның мәні қозғалтқыштың қуаттылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым төмен (аз) болады. Сол сияқты, тек кері ретпен, асинхронды қозғалтқышты жұмысқа қосқанда, моменті өзгереді; демек сырғанау азайса момент шырқау шегіне дейін өседі, сосын азаяды да жүктеусіз жұмыс моментіне тең моментке нөлдік моментке дейін жақындайды. Асинхронды қозғалтқыш қалыпты жұмыс тәртібі кезінде қалыпты SН сырғанауына сәйкес келетін қалыпты МН момент дамытады. Жаппай қолданымдағы асинхронды қозғалтқыштар үшін жүргізу моменті мен қалыпты МН моменті арасындағы қатынас жүргізу қосу моментінің еселілігі mn делінеді де мына аралықта болады:
, шырқау шегіндегі моменттің қалыпты моментке қатынасы асинхронды қозғалтқыштың артық жүктемелену қабілеті mк делінеді: бұл асинхронды қозғалтқыштың жағымды қасиеті делінеді. Жүргізу тоғының Іп қалыпты тоққа Ін қатынасын жұмысқа қосу тоғының еселігі іп дейді, ол мына аралықта болады: 5,5…7,5. Жүргізу қосу тоғының көп болуы, асинхронды қозғалтқыштардың елеулі кемшілігі.
Асинхронды электрқозғалтқыштың жұмысшы дипозондағы механикалық сипаттамасы салыстырмалы түрде "қатаң" сипаттама, демек жұмыс істеу өрісінде оның білігіндегі жүктеменің өзгертуіне қарай айналу жылдамдығы айтарлықтай өзгермейді. Сондықтан асинхронды қозғалтқыштар, негізінен, механизмдер мен машинелерді жүргізуге қолданылады, мұнда айналу жылдамдығы шамамен тұрақты түрде ұстап тұру талап етіледі. Бұл туралы "электржетек" курсында толығырақ қаралады.
Инженерлік тәжрибеде асинхронды қозғалтқыштың жылдамдық сипаттамасын жиі қолданады, онда моменттің сырғанауы емес ротор білігінің айналу жылдамдығына қарайды, демек n2=ƒ(М) ол қозғалтқыштың айналдырғыш моментінің сипаттамасының өзгеруін білік айналуының функциясы ретінде айқын мағлұмат береді (2.21-сурет). 2.21-суреттегі Мп-жұмысқа қосу моменттері n=0; Мкрmах қозғалтқыш дамытатын моментінің шарықтау шегі (ауысу шегі); Мн- қалыпты момент; nн- қалыпты айналу жылдамдығы, ол қозғалтқыштың қалыпты жүктемеленуіне сәйкес келеді; nхх –бос жүріс айналу жылдамдығы; nс-асинхронды қозғалтыштың магнит өрісінің синхронды айналу жылдамдығы.

Бақылау сұрақтары:


1. Асинхронды қозғалтқыштың электр энергиясын білікті айналдыратын механикалық энергияға айналдыру процессінің сатылы энергетикалық диаграммасы.
2. Асинхронды қозғалтқыштың шығын құраушыларының энергетикалық диаграммасы.
3. Асинхронды қозғалтқыштың қалыпты жұмыс жағдайында оның роторы болаттарындағы шығынды неге елемеуге болады.
4. Асинхронды қозғалтқыштың білігіндегі механикалық қуаттың теңдеуі.
5. Асинхронды қозғалтқыштың білгіндегі механикалық қуаттың, оның роторындағы механикалық қуаттан айырмашылығы.
6. Асинхронды қозғалтқыштың электромагниттік моментінің теңдеуі.
7. Асинхронды қозғалтқыштың білігіндегі моментінің электромагниттік моменттен айырмашылығы.
8. Асинхронды қозғалтқыштың жүргізу моментінің еселілігі деген не және оның сандық мәндерінің шарықтау аясы.
9. Асинхронды қозғалтқыштың артық жүктелу қабілеті деген не және оның сандық мәндерінің шарықтау шегі.
10. Асинхронды қозғалтқыш жүргізу тоғының еселелігі деген не және оның сандық мәндерінің шарықтау шегі.
11. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы деген не және оның графикалық көрінісі.
12. Асинхронды қозғалтқыштың жылдамдық сипаттамасы деген не және оның графикалық көрінісі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет