Лекция жинағы Шымкент 2019


Макроэнергиялық фосфаттық қосылыстар



бет33/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Макроэнергиялық фосфаттық қосылыстар

Гидролиз кезінде жылу түрінде энергияны көп бөлетін фосфор қышқылының эфирлерін макроэнергиялық фосфаттар деп атайды. Бұған жататындар: АТФ, трифосфаттар, уридин, цитидин және гуанозин (УТФ, ЦТФ және ГТФ), креатин фосфат, фосфоенолпирожүзім қышқылы, аминоацидценилаттар және уридишщфосфат-глюкоза (УДФГ).

Потенциалдық химиялық энергиясы бар заттар ыдыраған кезде бөлінетін энергияны жасуша тіршілік әрекетіне пайдаланады. Тамақтың күрделі химиялық қосылыстарын, атап айтқанда көмірсулар мен майларды, жабайы химиялық заттарға ыдырату тірі материяның метаболизміне қажет энергияның көзі. Бұл айналыс аэробты және анаэробты жолмен жүреді. Тотықтырып фосфорлауды құрайтын бірнеше реакциялардан энергия алынады. Тірі материяда энергияны беруді негізінде потенциалдық энергияға бай фосфатгық байланыстар қамтамасыз етеді, бұл жағдайда энергияны аденозинтрифосфат (АТФ) береді. АТФ аденозиндифосфат (АДФ) пен фосфатқа ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Осы органикалық фосфатты «жоғаргы энергияның» фосфаты (макроэнериялық қосылыс) дейді. Онын ыдырауы метаболизмдік эндергалық реакцияларды қажет энергиямен қамтамасыз етеді. АТФ-тің калпына келуі метаболизмнің кейбір экзергондық реакцияларында бөлінетін энергияның есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл фосфорлау Кребс циклының негізгі элементі. Фосфорлау басқа тотықтану-тотықсыздану реакцияларымен қатар жүреді. Фосфорлау – метаболизмнің негізі. Организмнің пайдаланатын энергиясының көзі АТФ.
5 Лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет