Лекция конспектісі 5В012800-«Астрономия» мамандығы үшін



бет24/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#123444
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Астрономия лекция 15
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Космоновтика. Космоновтика , ғарышқа үшу- ғарыш кеңістігіне ұшу; жерлен басқарылып ұшатын әр түрлі ғарыштық аппараттарды пайдаланып, ғарыштық кеңістікті игеруді қамтамасыз ететін ғылым мен техника салаларының жиынтығы. Космоновтика мәселелеріне: ұшу теориясы, траекторияны есептеу, т.б. ғылыми техникалық мәселелер- ракета тасығыштарды, ракеталық қозғалтқыштарды, т.б. құрастру; медицина биологиялық мәселелері; ғрыштық кеңістікті игерудің халықаралық құқықтық мәселелерін реттеу жатады.
Космоновтиканың жақын келешектегі мақсаты әр түрлі ғарыштық аппараттар көмегімен Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу. Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровтің (02.10.1991 ж.) ғарышқа сапарынан бастап, космостық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады. Оған үлкен үлес қосқан Қазақстан ҰҒА-ның академиктері Ө.Сұлтанғазин (бағдарламаның ғылыми жетекшісі), Т.Шарманов корреспондент мүшелері Н.Айтхожина, В.И.Дробжев, А.К.Курскеев, профессорлар Р.А.Гареев, Ю.А.Синявский, А.А.Пресняков және т.б. Бұл салаға Қазақстандық екі ғарышкер - Әубәкіров пен Т.Мұсабаев Қазақстан ғылымына қажетті құнды деректер қорын жинады.
Қазіргі кезде Жер өз осін айнала тәуліктік қозғалыс жасап қана қоймай, сонымен қатар Күнді айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар.Сонымен, шын мәнінде, Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы жалған көрініс болып табылады. Ол біз Күнді бақыланған кезде санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни өзі де Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан болады.
Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – Күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады. Сутегінің гелийге айналуы кезінде
Жер Күнді 30 шақ/сек жылдамдықпен айналады. Протопланеталық газ-шаңды бұлттарда да заттардың осы айналу жылдамдығы сақталған. Центрге тартқыш күштердің әсерінен, бұлттағы қатты бөлшектер бір - бірімен соқтығысып, бір – біріне жабысып, қар түйіршіктері секілді жинақталып ірі ірі денелер түзген. Планетамыздың массасының “жинақталып” түзілу үрдісі басында аса үлкен жылдамдықпен жүреді. Сағат сайын Жерге орта есеппен алғанда 10-15 млрд тонна метеорит заттары түсіп отырды. Жер орбитасынан шаңның көтерілуі жер массасының өсуін бәсеңдетті. Көрсетілген үрдіс әлі күнге дейін өте баяу болса да орын алуда. Қазіргі кезде Жер массасының космостық шаң мен метеориттердің есебінен “өсуі” жылына 100 млн тоннаға жуық болып отыр.Жердің суық заттарының аз уақытта жинақталып, сығылуы және химиялық элементтердің радиактивті ыдырап кетуі бастапқы геосфераның еруіне әкеліп соқты. “Аймақтық еру” деген атқа ие болған бұл үрдістің нәтижесінде геосфераның орталығына ауыр элементтер шоғырланып, олар диаметрі 7000 км болатын ауыр ядроны түзді. Ядродағы температура мен қысымның жоғарылығы соншалық, ондағы кез келген зат металлдық күйге айналады. Атомдардың электрон қабаттары бұзылған кезде, экваторға параллель электрондардың алып сақиналары пайда болады. Электрондардың бұл шар тәрізді сақиналары ось бойымен айналуға перпендикулярлы болатын тұрақты магниттік өріс тудырады. Сол себепті Жер дегеніміз аса
Жердің қозғалмалы қабаттары - атмосфера мен гидросфераның түзілуі оның қатты қабатын құрайтын тау жыныстарының бұзылу үрдістеріне әкеліп соқты. Мысалға, атмосферасы мен гидросферасы жоқ Ай мен Меркурийдің бетінде тау жыныстары осындай деңгейде бұзылмайды, сондай – ақ аталған планеталарда аспан денелерінің құлауынан қалған кратерлер көп уақытқа дейін сақталады. Біздің планетамыздың формасы онда материктер мен мұхиттар орналасқандықтан аса күрделі. Оның күрделілігі соншалық, жердің бір нақты геометриялық фигурамен теңестіру мүмкін де емес. Сондықтан Жердің бетін сипаттап, оның моделін жасау үшін “геоид” деген түсінік енгізілген. Бұл ойдан шығарылып отырған түсінік, яғни бейнелі түрдегі дүниежүзілік мұхит суларының кезкелген нүктесінен алғанда Жер «орталығына» перпендикуляр шама. Осындай геоидтің бетінен Жердің центрі 6370 км тереңдікте орналасқан. Соңғы жылдардағы Жердің бетін жасанды серіктер арқылы зерттеудің нәтижесінде оның жүрекке ұқсас екендігі анықталды. Осыған сәйкес Жерді – кардиоид деп атау ұсынылды. Оңтүстік полюсте планета сыртқа қарай шығыңқы болса, солтүстік полюсте ішке қарай сығылған. Жердің осындай нысанының себебі ғылымда әлі күнге дейін қанағаттандырарлық түсіндірме тапқан жоқ. 
Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:
1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.
2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.
3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).
Сыртқы үрдістер Жердің қозғалмалы екі қабаты - гидросфера мен атмосфераның әсерлерінен жүреді.
Ауа мен судың әсерінен тау жыныстары мен судың арасында химиялық алмасу үрдістері жүріп, жыныстардың ішкі байланыстарына зақым келтіріп, олардың ыдырауына, бұзылуына әкеліп соғады. Бұл химиялық қарым - қатынас тау жыныстырында ауаның әсерінен үнемі жүріп отырады. Ауа мен су үздіксіз қозғалыста болады. Жердің бетімен қозғала отырып, олар бұзылған тау жыныстарын да қозғалысқа келтіреді. Тау жыныстарының бұзылу процестері ауырлық күшімен тікелей байланыста болғандықтан, ауа мен су оларды Жердің жоғары орналасқан аймақтарынан төмен орналасқан аймақтарына қарай тасымалдайды. Ерте ме, кеш пе, бұл бұзылу өнімдері бірінің үстіне бірі тұрған қабаттар түрінде қалыптасады.Жердің бетінде жыныстардың көрсетілген үш түрі – шөгінді, метаморфозданған және магмалық жыныстар кездеседі. Олар Жердің бетінде әртүрлі себептермен – вулкандардың атқылауы, таулардың түзілуі, сондай ақ балқыған магманың жердің терең қабаттарында орнал. Күннің бетінде көптеген қоңыр дақтар болатыны белгілі. Мікени, осы дақтардың өзара орналасуын бақылай отырып, ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай ығысатынын анықтаған бұдан шығатын қортынды: Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады
асқан жыныстарды сыртқа шығаруы нәтижесінде пайда болады.
Уақыт көші сағат, күн, апта, ай, жылдан тұрады. Бұл - өмір өлшемі. Оның таңғажайып сырға толылығы сол, әрбір мезгіл, кезеңінің өз атауы, ерекшелігі, адамға, жануарлар әлеміне, қоршаған ортаға өз әсері бар. Ол Жердің жаратылысы табиғатына, Айдың, Күннің, Жұлдыздардың ықпалына тығыз байланысты. Уақыт көші – бір орында тұрмайтын, қайтып оралмайтын табиғаттың таңғажайып құбылысы. Ол жөнінде ғалымдардың зерттеуі, жұлдызнамашылардың болжамдары, данагөйлердің айтқан маржан ойлары көп. Уақыт көші арнайы күнтізбелермен белгіленеді.
Қазақтар уақытты қалай анықтаған? Таңғажайып «Тоғыс есебі»
Жердегі уақытты өлшеу-дің кілті аспанда. Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса, Жердегі жыл мөлшерін анықтау мүм-кін болмас еді. Ғалымдардың пайымдауынша, Жерді 400 мың шақырым қашықтық-та Айдың айналып жүруіне байланысты – Ай күнтізбе- сі пайда болды. Ислам әле-мі қолданатын бұл уақыт жүйесінде 354-355 күннің бар екені мәлім. Ал енді 149 миллион шақырым қа- шықтықтағы Күнді Жердің айналып жүруіне байланыс-ты – Күн күнтізбесі пайда болса, онда 365-366 күн бар. Ай мен Күнге негізделген күнтізбелерден басқа да уа-қытты жұлдыздар бойын- ша есептеу болған. Оны біздің ата-бабаларымыз бен ежелгі үнділер қолданғанды. Қазақтар бұл уақыт есебін – Тоғыс есебі деп атайды. Ол - әлемнің бірде-бір елінде кездеспейтін өте күрделі уақыт жүйесі. Мұнда жыл өлшемі – Күн қозғалысы бойынша, айлар есебі – Ай мен Үркер жұл-дыз шоғырының әрбір 27-28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады. Тоғыс есебінің Қазақ жерінің табиғатымен керемет қабысатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.
Он екі жыл бір айналған-да мүшел болады. Алайда адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Содан бастап оған он екі жылды қосып отыру арқылы кейінгі мүшелдерін анықтап отырады. Яғни, бір мүшел 13, екі мүшел 25, үш мүшел 37, төрт мүшел 49, бес мүшел 61, алты мүшел 73, жеті мүшел 85 жас. Әркім өзінің қай жылы туғанын білгісі келсе, туған жылын он екіге бөлуі қажет. Қалдықсыз бөлінсе, ол мешін жылы болғаны, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан жылы бола-ды. Мұнан кейін қалдықтардың санына байланысты сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой жылы келеді.
Мүшел есебі қазақтарда ғана емес, Жапониядан Болгарияға, Сібірден Бирмаға дейін тарап, Қытай арқылы әлемге кеңінен танылып отыр. Қазір болжамнамада (гороскопта) да мүшел есебі жан-жақты пай- даланылады. Жалпы, әлемдік ғылымда ХХ ғасырдың ортасынан асқанша, мүшел есебін кім ойлап тапты деген сұрақ көп ғалымдарды қатты толған-дырды. Бұл салада француз лингвисі. Жозеф Галеви (1827-1917), неміс ғалымы Герман Хирт (1865-1939), Финляндия ғалымы И.А.Миколла (1866-1946), венгр зерттеушісі Армений Вамберн (1832-1913), орыс ғалымы, түрколог П.М.Мелиоранский (1868-1906) көп зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ресей академигі А.Н.Самайлович 1913 және 1927 жылдары «Түркі тілдес халықтардағы 12 жылдық хайуанаттар айналымы жайындағы мәселеге» деген тақырыпта мақала жазды.
Ал орыс профессоры Г.П.Сердюченко тұңғыш рет «Мүшел түркі халықтарынан шыққан» деп кесіп айтты. 1960 жылы Қазақ КСР ҒА тарих, архео-логия және этнография институтының ғылыми қызметкері И.В.Захарова осы институт еңбектерінің 8 томында «Орта Азия халықтарының он екі жылдық хайуанаттар мүшелі» деген мақала жазып, онда өз ойын былайша қортындылады: «Он екі жылдық мүшел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын (б.з.д.1 ғасырда) Орта Азияда пайда болған». Ғалымдардың пайымдауынша, астрономиялық және матема-тикалық теория тұрғысында 12 жылдық хайуанаттар мүшелі – басқа уақыт айналымдарынан әлдеқайда ұтымды.
«Ұзын сары» - «Бес қонақ» Қыстың басы желтоқсанда 31 күн, қаңтарда 31 күн, ақпанда 28 күн, барлығы: 31+31+28=90 күн бар. Төрт маусымдағы күн саны: 90 х 4 = 360. Бір жылда – 365 күн. 365-360 = 5 күн артық қалады. Ол ақпанның соңынан бастап 18 күн өткенде келеді: 90+18= 108. Бұл кү- ні «Ұзын сары», қазақ есепшілерінің айтуынша, «Бес қонақ» келеді. Ол күндер наурыздың 18, 19, 20, 21, 22 – і. Осы бес күнде аса абай болып, мал соймайды, көшпейді, маңызды шаруаларды атқармайды. Тәулік күн ұясына кіргенде ауысады да наурыздың 23-і күні «бес қонақ» шығып кетеді. «Ұзын сары» күннің ұзарғанын да білдіреді.
Мезгіл өлшемдері, атауы, сипаты Аймен өлшенетін уақыт Ай – уақыт өлшемі, бөлігі.
Ол үш түрге ажыратылады: 1. Синодтық Ай. Ол – Ай- дың бірдей екі фазасы аралы- ғындағы шамамен 23, 53 күн тәулігіне тең уақыт; 2. Сидерлік (жұлдыздық) Ай. Ол – Айдың жұлдызға қатысты Жерді толық бір рет айналып шығатын, шамамен 29, 53 күн тәулігіне тең уақыт; 3. Айдаһар айы. Ол – орбитаның белгілі бір нүк-тесінен үзіліссіз екі рет өткен 27, 21 күн тәулігіне тең уақыт. Мұның үшеуі де тұрмысқа қолдануға қолайсыз. Өйткені олар бөлшек сандармен өр- нектелген. Сол себепті жыл қазіргі күнтізбеде 28, 29, 30, 31 күн тәулігімен бітетін 12 Айға бөлінген. «Ай көрдім, аман көрдім»...
Халқымызда жылдың әр айы аяқталып, жаңа ай туғанында: «Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» деп өткен айдан аман шыққанына тәубе қылатын, жаңа айдан үміт күтетін ырым қалыптасқан.
Айдың алғашқы жеті тәулігін «бір жаңасы – жеті жаңасы» деп санамалап, сегізінші тәулігінен бастап алғашқы ширегі дейді. Ол жеті – тоғыз тәуліктік уақыт. Мұнан кейін толған Ай толық көрінеді, бұлтсыз түндер сүттей аппақ жарық болады. Бір жетіден соң ай кеми бастайды, бұл ай-дың соңғы ширегі. Айдың кеми туатын осы шағы – «Айдың қорғалуы». Айдың өліарасы – ескі айдың бітіп, жаңа айдың әлі көріне қоймаған кезі. Жаңа туған Ай шалқасынан жатса, қазақтар: «Өзіне жайлы, халыққа жайсыз», тіке тұрса «халыққа жайлы, өзіне жайсыз» деп ырымдаған.
Айдың үш жаңасында Ай толығырақ, өңі ақ, екі ұшы доғалдау, тік көрінсе сол айда жауын-шашын, жел-борасын аз болады деген халық болжамы бар. Егерде Айдың екі ұшы үшкілдеу, сүйір, өзі ашық, шал-қақ туса, онда сол айда жауын-шашын, жел-борасын болады. Жылмен өлшенетін уақыт Жердің Күнді бір айналып шығатын уақыт аралығы – Жыл деп аталады. Астрономияда мынандай Жыл есептері қабылданған:
1. Жұлдыздық жыл. Ол – Күннің зодиактағы бір белгілі жұлдыздың тұсынан өтіп, осы жұлдыздың тұсына қайта келгенше кететін уақыт аралығы, 365, 2564 орташа күн тәулігіне тең. 2. Тропиктік жыл. Ол – Күн центрінің күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесінен өтіп, сол нүктеге екінші рет келгеніне дейін өтетін уақыт аралығы (365, 2422 тәулік). 3. Аномалистикалық жыл.
Ол – Күн центрінің оның көрінерлік геоцентрлік орбитасының перигейі арқылы өтіп, соған қайта оралғанша кететін уақыт аралығы (365, 2596 тәулік).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет