Электронды дерек көздері
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015594
https://uchet.kz/
https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/activities/directions?lang=kk
№ 10 тақырып
Қаржылық есептілікті ұсыну (1 ХҚЕС)
Жоспары:
Қаржылық есептіліктің мақсаты (1 ХҚЕС). Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері.
Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкестігі. Қызметтің үздіксіздігі. Есептеу әдісі бойынша есепке алу.
Ұсынудың бірізділігі. Мәнділік және біріктіруі. Өзара есепке алу. Салыстырмалы ақпарат.
2.Құрылымы және мазмұны. Есептік кезең.
3.Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын ең аз талаптар.
4.Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімге жіктеу.
5.Пайда және зиян жөніндегі есепке қойылатын талаптар. Пайда және зиян жөніндегі есептің екі нысаны.
6.Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы, оның нысаны.
7.Ақша қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері.
8.Түсініктеме жазбаларда апараттарды ашып көрсету.
Мазмұны
1.Қаржылық есептіліктің мақсаты (1 ХҚЕС). Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкестігі. Қызметтің үздіксіздігі. Есептеу әдісі бойынша есепке алу.
Ұсынудың бірізділігі. Мәнділік және біріктіруі. Өзара есепке алу. Салыстырмалы ақпарат. Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi.
Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері:
1. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:
(а) кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі есептілік;
(б) кезең ішіндегі толық табыс жөніндегі есептілік;
(с) кезең ішіндегі үлес өзгерістері жөніндегі есептілік;
(д) кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есептілік;
(e) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер; және
(ж) кәсіпорын есеп саясатын ретроспективті түрде қолданатын немесе өз қаржылық есептілігіндегі баптар жөнінде ретроспективті түрде қайта есеп беретін немесе кәсіпорын өз қаржылық есептілігіндегі баптарды қайта жіктейтін ең бастапқы салыстырмалы кезеңнің басындағыдай қаржылық жағдай жөніндегі есептілік.
Кәсіпорын есептіліктерге осы Стандартта қолданылған тақырыптардан басқа тақырыптарды қолдануына болады.
2. Кәсіпорын барлық қаржылық есептіліктерді тең түрде қаржылық есептіліктердің толық жиынтығы ретінде ұсынуы тиіс.
3. Кәсіпорын пайда немесе шығынның компоненттерін толық табыс жөніндегі есептіліктің бөлігі ретінде немесе бөлек табыс есептілігінде ұсына алады. Табыс есептілігі ұсынылғанда, ол қаржылық есептіліктердің толық жиынтығының бөлігі болып табылады және толық табыс жөніндегі есептіліктің дәл алдында көрсетілуі тиіс.
4. Көптеген ұйымдар, қаржы есептiлiгiнен басқа, ұйым басшылығының қаржылық шолуын ұсынады, онда ұйым қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң, оның қаржы жағдайының негiзгi сипаттамалары және олар кездесiп отыратын негiзгi тұрлаусыздықтар сипатталады және түсiндiрiледi. Мұндай есепте мынадай шолулар болуы мүмкін:
5. Көптеген қаржы есептiлiгiнен басқа қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi есептер және, әсiресе қоршаған ортаны қорғау факторының зор маңызы бар және олардың қызметкерлерi пайдаланушылардың маңызды тобы болып есептелетiн салалардағы қосылған құн салығы туралы есептер сияқты ресми бюллетендер ұсынады. Қаржы есептілігінің шегінен тыс ұсынылатын есептер мен ресми бюллетендер Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында қолдану аясына кірмейді.
Қаржылық есептеменің құрылымы мен мазмұнын №1ХҚЕС баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте және меншікті капитал туралы есепте ақпаратты дәл айқындап ашып көрсетудi талап етеді, сондай-ақ басқа желілік баптар туралы ақпаратты не тікелей осы есептілікте, не ескертулерде ашып көрсетудi талап етедi. Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептi ұсыну жөніндегі талаптар 7 ХҚЕС Халықаралық стандартта баяндалған.
№1ХҚЕС «ақпаратты ашып көрсету» деген термин кейде баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте де, сондай-ақ ескертулерде де ұсынылатын баптарды қамтитын кең мәнінде пайдаланылады. Басқа Стандарттар мен Түсіндірмелерде де ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптар бар. Егер осы Стандартта немесе қалған Стандарттар мен Түсіндірмелердің бірінде өзгеше белгіленбесе, ондай ашып көрсетулер не баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте (бұл ашып көрсетулердің қандай есепке қатысы бар екендігіне байланысты), не қаржы есептілігіне ескертулерде орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |