Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын ең аз талаптар



бет67/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

3. Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын ең аз талаптар.

Бухгалтерлiк баланс – кәсiпорынның жылдық есеп беруiнiң негiзгi үлгiсi. Баланс жасалғанға дейiн барлық ведомостердегi сомалар қорытындыланып, Бас кiтап толтырылады.

Есептi жылдың аяғында баланс баптарының мәлiметтерi белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiлген түгендеу арқылы расталуы тиiс.

Баланс мәлiметтерi бойынша кәсiпорынның қаржы жағдайына талдау жасалады.

Баланстағы берiлгендердiң негiзiнде кез келген кәсiпорынның оперативтi қаржылық жоспары құрылады, алынған кiрiске сәйкес ақшалай қаржылардың қозғалысына бақылау жасалады. Бухгалтерлiк балансты құрудың басты көзi болып Бас кiтап табылады.

Баланс 2 бөлiмнен: актив және пассивтен тұратын кесте түрiнде бейнеленедi. Активi деп шаруашылық құралдары топтастырырылған баланстың сол жақ бөлiгiн айтады. Пассивке шаруашылық құралдарының құралу көзi кiредi. Құралдар мен оларды құрастыру көздерiнiң арасындағы мұндай бөлiнушiлiк баланстың басты ерекшелiгi болып табылатын актив пен пассивтiң қорытындысының тепе-теңдiгiн қамтамасыз етедi.

Баланста кәсiпорын активтерiнiң және оларды құрастыру көздерiнiң әрбiр тобы жеке баланс баптары түрiнде көрсетiлген. Басқаша айтқанда, бухгалтерлiк баланстың баптары деп мүлiктiң жекелей түрлерiн, оларды құрастыру көздерiн, кәсiпорын мiндеттемелерiн сипаттайтын актив пен пассивтiң көрсеткiштерiн айтады. Баланс баптары бухгалтерлiк баланстың негiзгi элементi болып табылады. Баланстың бiрыңғай баптары топтарға , ал топтар бөлiмдерге бiрiгедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет