Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Пайда және зиян жөніндегі есепке қойылатын талаптар. Пайда және зиян жөніндегі есептің екі нысаны



бет69/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

5. Пайда және зиян жөніндегі есепке қойылатын талаптар. Пайда және зиян жөніндегі есептің екі нысаны.

Табыстар мен шығыстар туралы есеп келесі баптарды қамтуы тиіс:



  • түсім;

  • операциялық қызметтің нәтижелері;

  • қаржыландыру бойынша шығындар;

  • салық бойынша шығындар;

  • әдеттегі қызметтен алынатын пайда (зиян);

  • төтенше жағдайлардың нәтижелері;

  • есептік кезеңнің табыстары (зияндары).

Компаниялар табыстар мен шығыстар туралы есепте және түсіндірме жазбаларда кірістер мен шығыстардың талдауын келтіру керек.

Есептік кезеңнің таза табысы табыстар мен шығыстар туралы есепте ашып көрсетілетін келесі компоненттерден тұрады:



  • бағалау есептеулеріндегіөзгерулерден болған эффектілерді қоса алғанда әдеттегі қызметтен алынатын табыстар мен зияндар;

  • төтенше жағдайлардың нәтижелері.

Әдеттегі қызмет -өз бизнесінің құрамдас бөлігі түріндегі компанияның жүзеге асыратын кез келген қызметі.

Төтенше жағдайлардың нәтижелері – компанияның әдеттегі қызметінен өзге және оның қайталануы күтілмейтін оқиғалар мен мәмілелердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен зияндар. Төтенше баптың сипаты мен өлшемі әр бап бойынша жеке ашылып көрсетіледі.

Есеп бағаларындағы өзгерiстердiң нәтижесi егер өзгерiс тек сол кезеңге ғана ықпал ететiн болса, онда табысты не зиянды осы есептiк кезеңге енгiзедi; ал егер өзгерiс болған есептi кезеңдегi өзгерiстер келесi есептi кезеңге ықпал ететiн болса, онда таза табысты не зиянды осы соңғы есептiк кезеңге енгiзедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет