Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Ақша қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері



бет71/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

7. Ақша қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері.

Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары талабына сай қаржылық қорытынды есеп құрамына еңгізілетін қосымша үлгінің бірі «Ақша қозғалысының қорытынды үлгісі» болып табылады. Негізінен бұл үлгі баланс және табыстар мен шығындар жөніндегі қорытындының жекелеген баптарын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Ақша қозғалысын қорытындылауға арналған қорытынды есептің бұл түрінің негізгі мақсаты – сыртқы және ішкі пайдаланушыларға ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі ақпараттар даярлап беру.

Халықаралық есеп жүргізу тәжірибесенде ақша қозғалысы есебін жасауда екі – тікелей және жанама әдіс қолданады. Бұл әдістерде қолдану арқылы дайындалып тапсырылатын ақша қозғалысы жөніндегі ақпараттар мазмұнын сипаттауға болады. ҚР-да операциялық қызметтен түскен ақша қозғалысы тікелей және жанама әдістерге жұмсау үшін жинақталады. Онда тікелей әдісті қолдану арқылы түскен және төленген ақшаның негізгі ағыны мен түрлері көрсетіледі.

Қаржы-шаруашалық қызметінің нәтижесінде пайда болған ақшаның жалпы айналымындағы ағыны тікелей және жанама әдістерді қолданып жасаған ақша қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп мәліметтерін өзгертіп отырады. Жанама әдісті қолдану барысында таза табыс немесе шеккен зиянның ағымдағы активтер және міндеттемелер өзгерісіне тигізетін әсерін, ақшалай емес операцияларды, сондай-ақ инвестициялық және қаржылық қызметтер нәтижелерін өткен кезеңдермен салыстыру мен реттеп отыру үшін де қажет. Бұл әдіс бухгалтерлік баланстағы және табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есептегі ақпараттарға негізделген. Жанама әдіс қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі жөніндегі қорытындының әрбір жекелеген баптарын реттеу үшін қолданылмайды. Осы әдіске байланысты таза табыс (шеккен зиян) соммасы осы есепті кезеңдегі өзгерген соммаларды өткен есепті кезеңдегі өзгерген соммалармен өзара салыстырып отыру үшін де қажет. Енді инвестициялық және қаржылық қызметтен түсетін ақша ағыны жөніндегі мәліметтерді сипатталық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет