Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Түсініктеме жазбаларда апараттарды ашып көрсету



бет72/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)

8. Түсініктеме жазбаларда апараттарды ашып көрсету.

Жоғарыда аталған Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарының талаптарына сәйкес қаржылық есептіліктің ажырамайтын құрамдық бөлігі болып, сондай-ақ түсініктеме жазба танылады. Ол қаржылық есептіліктің цифрлық деректерінің мазмұнын жақсы анықтау үшін қажетті мәліметтер беретін негізгі талдамалы құжат. Түсіндірме жазбаның басында мекемеге енетін күрамдық бөлігінің құрамын, олардың шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін сипаттаумен ашып көрсетіледі де, мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің жүргізілген жағдайларын сипаттайды. Түсініктеме жазба мекеменің қаржылық есептілігі бойынша келесі негізгі мәселелерді ашуға тиіс.

Сонымен, түсініктеме жазбада баланснің (баланстың) негізгі баптарына толық сипаттама беріледі, пайдалар мен залалдар туралы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, капиталдағы өзгерістер туралы ақпараттар ашылады. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау үшін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану көрсеткіштері есептеледі. Түсініктеме жазбада мекеменің есепті жылдағы қаржылық жағдайы мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне эсерін тигізген факторлар, сондай-ақ құрыл-тайшылардың (меншік иелері) жылдық қаржылық есептілікті қарап, талдау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер көрсетіледі. Егер есепті жыл бойына мекеменің есептік саясатында өзгерістер болса, онда түсініктеме жазбада осы өзгерістердің себептері көрсетіледі де, олардан болған зардаптарға құндық баға беріледі. Түсініктеме жазбаға мекеменің басшысы мен бас бухгалтер қол қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет