Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету


арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер



бет15/33
Дата20.10.2022
өлшемі184,08 Kb.
#154054
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Еңбекті қорғау курс

арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;
5) өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайына, қауіпсiздігіне және еңбектi қорғауға тексеру жүргізу туралы уәкілеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне өтiніш жасауға;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері - еңбек жөніндегі уәкілетті органның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
6) еңбек жағдайларын, қауіпсiздiгін және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға өкіл ретiнде қатысуға;
7) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тiкелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкiлiне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен еңбек мiндеттерiн қауіпсіз атқару үшiн қажетті білім алуға және кәсiби даярлыққа;
Кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту үшін адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны; біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.
Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
9) шарттық міндеттемелерді, еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өтетуге;
10) ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмегендiктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
11) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет