Мемлекеттік инспектордың құқықтары: 1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өнеркәсіптік объектілерге белгіленген тәртіпті сақтай отырып кіруге;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгізуге, бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейінгі кезеңде, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.
Мемлекеттік инспектордың міндеттері: 1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалауды жүзеге асыруға;
2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
Мемлекеттік инспектордың актілері Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы
заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
Әдебиеттер тізімі:
1.ҚР Конституциясы,30.08.1995ж.
2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы .
3.Қазақстан Республикасының 03.04.2002 № 314 – ІІ «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы