Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


-тақырып. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі



бет35/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23

8-тақырып. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі
1. Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
2. Фонетикадан берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі.
3. Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері.
4. Фонетикалық талдау.
5. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері.
6. Орфогрфиялық және орфоэпиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
7. Фонетикалық диктанттар.


1. Фонетика (грекше phonetikos — дыбыстың) дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы фонетиканы дыбыс жүйесі деп атаған.
Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, оның лексикалық, грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте фонетиканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады. Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен сөз тудыру сияқты салаларынан бұрын оқытылады. Өйткені тілдің фонетикалық жүйесімен таныстырмайынша, оның (тілдің) басқа жақтарын теориялық немесе практикалық тұрғыда оқыту мүмкін емес.
Мектепте фонетиканы оқыту практикалық мақсаттарды да көздейді. мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі: дұрыс жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін дамыту т.б.
Фонетика курсының мазмұны. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды: а) физиологиялық (жасалу); ә) акустикалық (естілу); б) қызметі (сөз жасау). Мектеп оқулығында дыбыстық бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отыруға тиіс. Мысалы, физиологиялық тұрғыда дыбыс сөйлеу мүшелері жұмысының жемісі, яғни дауыс шымылдығының қалпы, тілдік, еріннің қалпы, жақтың ашылу қалпы т.б. оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі. Бірақ дыбыстардың жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді, тек қана ата тілін практикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі. Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн мен салдардың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады. Мектепте дыбыстың мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді, бірақ жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.
2. Фонетикадан берілетін білім мазмұны: оқушы фонетиканы оқу арқылы әдиби тілдің түрлі дыбыстық заңдылықтармен танысады, дауысты, дауыссыз дыбыстардың жетілуін оңай ажыратумен бірге, түрлі орфографиялық ережелерді есінде сақтап, сауатты жазу дағдысын меңгереді; оқушы тілдің дыбыстық жүйесін жақсы білу арқылы әдиби тілдің нормасын игеріп, ауызша да, жазбаша да сауаттылық дәрежесі артады.
Дыбыстар жүйесін оқушыларға саналы меңгеріп, дағды берудің үлкен маңызы бар: сөз мағынасын ажыратып түсінуіне; орфоэпиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, әдеби тілмен дұрыс сөйлеуіне; сөйлеген сөзінің құлаққа жағымды, әсерлі, әуенді болуына; орфографиялық тұрғыда сауатты жазуына мүмкіндік береді. Сондықтан да мектепте фонетикадан, соның ішінде алдымен, дыбыстар жүйесінен мағлұматтар беріледі. Бағдарламада фонетикадан берілетін білім көлемі шектеліп көрсетілсе, оқулықта оның нақты зағдылықтары, ереже, анықтама түрінде баяндалып,түрлі жаттығулар арқылы білімін, іскерлігін, дағдысын орнықтыру, қалыптастыру көзделеді. Бірақ оқулық оқушы үшін білім бұлағы бола тұрса да, мұғалімнің жәрдемінсіз, оның сабақ кезінде алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдануынсыз нәтижеге жете алмайды. Оқушыларға дыбыс жүйесін, әр дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту фонетикадан берілетін білімнің ірге тасы болып есептеледі. Дыбыс жүйесін жете меңгермеген оқушы буын, үндестік заңы, екпін сияқты фонетикалық заңдылықтарды игере алмайды, жазуда қате жібереді, сөйлеуінде де ақаулықтар байқалады.
Фонетиканы өту үстінде сабақта ылғи талдау жасалады. Ол талдауда сөздің тек дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуын да талдатып отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет