Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


-тақырып. Мәтінді оқыту әдістемесі



бет49/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23

12-тақырып. Мәтінді оқыту әдістемесі
1. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалық операциялар және оларды оқушыларға меңгерту.
2. Мәтінді талдау әдістемесі.
3. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдарын меңгерту әдістемесі.


1. Мәтін (текст; text) 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.
Мәтін – бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән–мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.
1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).
2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);
З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);
4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);
5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);
6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);
7) мәтін - қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы).
Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан баланы жазбаша сөйлеуге үйрету мәтін қүрастырудан басталады. Демек, сөйлеу тілін дамыту үшін баланың мәтін туралы түсінігі мен оны қүрастыра білу икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады.
Ал мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда мәтін қүрастыра білу - қажетті мәселе.
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек-талабы түрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді. Ол үшін:

  • ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;

  • мәтіннің құрылымын анықтау;

  • мәтіннің жасалуы үшін оны құрайтын элементтерді, сөйлем қайырым ерекшелігін көрсету;

- мәтіннің түрлері туралы мәлімет беру;
- мәтін құрастыру туралы икемділіктері мен дағдыларын шығарма жаза білу шеберліктеріне ұластыру.
Олай болса, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек.
Жалпы ауызша және жазбаша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сынып, бастауыштан басталады. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесінде дамытуға болады. Тілді үйретіп, дамытуға қатысты А.Байтұрсынұлы төмендегідей тиімді тәсілдер мен қағидаларды ұсынған:

  • оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт;

  • мәтін көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының ұғымына таныс және жақын болуы керек;

  • тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдыр, қызық әңгімелер маңызды орын алуы қажет.

  • тілді оқытуда тіл ұстартуға көркемсөзге де ден қойғаны дұрыс.

Қазақ тіл ғылымының негізін салуына А.Байтұрсынұлының қағидалары мен тиімді тәсілдері әлікүнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Бұл әдіс-тәсілдерді мұғалім кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу мәнерін үйрете білсе, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі.
Оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек. Қазақ тілі сабағының негізгі мақсаттарының бірі -оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан да қазіргі кезде мектеп мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп, сөйлеуіне зор көңіл бөлуде.
Осыған орай, өз сабақтарымызды оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, тіл білімінде: сөз сөздің тіркеске түсуі, тіркес, тіркестен сөйлем жасалатындығы, қайырым, қайырымнан мәтін қүралатындығы. Жазушы мәтіннің негізгі бөлімінде жоғарыдағы келтірілген сөйлемдерді пайдалана отырып, субъет пен предикаттың қатынасы баяндайды, хабарлайды, суреттейді. Бұл әрекеттің арқасында адам түрлі-түрлі пікірлерді салыстыра, талдай отырып жеке не жалпы ой қорытындысына келеді.
Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытныдысының бірін жасауы мүмкін. Олар: индуктивті, дедуктивті және аналогиялық. Индуктивті ой қорытындысы деп жеке фактілер мен қүбылыстарды зерттеп, тексеруге сүиене отырып жалпы заңдылықтар мен ережелер жасау жолын айтады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет