1. Берілген сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы сөз мағынасын өзгерту. 1-тапсырма. "Қазак елі – азат ел " сөйлеміндегі "азат" сөзінің мәнін түсіндіріп, мәндес сөз ойлап жаз.
2-тапсырма. Берілгін "азат" сөзіне төмендегі жұрнақтардың қайсысы жалғанады, сөз мағынасын өзгертеді.
Жұрнақтар:- тік, -тық, -дық, -дік.
3-тапсырма. "азат","егемен" ,"тәуелсіз" сөздерін пайдалана отырып сөйлем құрастыр. Сөйлемдерден мәтін құрастыр.
2. Түбірлес сөздерді тауып жаз. 1-тапсырма. иМалым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы" деген мақалдағы "ар" сөзінің мағынасын түсіндір. Төмендегі сөздерден мәндес сөзді табыңдар.
ұят, намыс, ауру.
2-тапсырма. Төмендегі сөздерден түбірлес сөздерді бір бөлек жаз: ар, арлы, арбау, арба, арбакеш, ар-ұят, араб, ара.
3- тапсырма. «ар, ұят, намыс», сөздерінен мағыналық реттеріне қарай сөйлем құрастыру.
3. Берілген сөзге жұрнақ не жалғау жалғанғанын ажырату. 1-тапсырма. Мына сөйлемдердегі айбат сөзінің мағынасын ажыратып көрсет.
Мысық күшікке айбат шекті. Жанар жаңа киімін көрсетіп: Менің киімім айбат,-деді. Түні бойы шаршаған, жабырқаңқы көңілде таң ата ай батты.
2-тапсырма. Айбаттану сөзі біріккен сөз немесе айбат сөзіне
жалғау не қбсьімша жалғанып тұр ма? Себебін түсіндір.
З-тапсырма. Ай тақырыбына мәтін ойлап жаз.
4. Берілген сөздің қандай күрделі сөзге жататындығын ажырату. 1-тапсырма. Асан-бастаған ісін аяқсыз қалдыратын, жалқау бала сөйлемдегі аяқсыз сөзінің аяқ сөзінен қандай мағыналық айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар.
2-тапсырма. Аяқ-қол, аяқ-табақ, аяқ-бас, аяқ-көз сөздері қандай сөздер тобына жататындығын тауып, берілген сөздердің ішінде қандай сөздер болмайтындығын түсіндір.
З-тапсырма. Құрастырған сөйлемдерінде аяқ және бас сөздерін ауыспалы мағынада қолданатындай етіп құрастыр.
5. Жұрнақтар мен жалғаулардың жалғану заңдылықтарын білу. 1-тапсырма. Айғақ, сөзіне мәндес сөз тауып жаз. Керекті сөздер: пікір, дәлел, қорытынды
2-тапсырма. Айғақ сөзіне жұрнақ не жалғау жалғап, сөз тұлғасын өзгертіңдер. Жұрнақтардың не үшін жалғанбайтындығын түсіндір.
З-тапсырма. Өздерінің құқықтары жөнінде мәтін құрастыр. Мәтінде айғақ сөзі болсын.
б. Жалғауды өзіндік заңдылықтарына қарай жалғау. 1-тапсырма. Кеше екі ақын айтысты, Кеше екі кісі көшеде керілдесіп айтысты сөйлемдеріндегі айтыс сөзінің мағынасын түсіндір. Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар.
2-тапсырма. Айтыс сөзіне қандай жалғаулар жалғай аламыз. Себебін түсіндір. Жалғаулар: -қа, -ты, -пын, -сың.
З-тапсырма. Айтыс тақырыбына мәтін құрастыр. Қазақ халқының тағы кандай ұлттық салт-дәстүрлерін білесіндер.
7. Сөйлемдерде берілген біріккен сөздерді тауып, мағынасын түсіндір. 1-тапсырма. Ажар сөзіне мәндес сөздерді тауып жазыңдар. Керекті сөздер: көрікті, әдемі, көрік, әлпет, жүз, сұлу,ебедейсіз, жаман, бет, көріксіз.
2-тапсырма. Ботагөз сөзіне жоғарыдағы берілген сөздерді тіркестіре отырып сөйлем құрастыр. Ботагөз сөзі қандай сөз?
3-тапсырма Ботагөз сөзінің әр дыбысына сөз құраңдар. Бұл сөздер қыздың мінезіне қатысты болуы керек.
8 . Сөйлемдерде қолданылатын қысқарған сөздерді тауып, мағынасын түсіндіру, т.с.с. 1-тапсырма. Берілген сөйлемдегі Айбын сөзіне мәндес сөз тап.Қазақ елінің айбыны жыл өткен сайын асқақтап келеді.
2-тапсырма. Медицналық институттың айбынын асқақтатуға сондағы мамандар ат алысуда сөйлемдегі медициналық институт сөзін басқалай қалай жазуға болады.
3-тапсырма. Менің елім -Қазақстан Республикасы тақырыбына мәтін құрастыр.
Мектеп оқушыларының сөздік қорын сөзжасам тәсілі арқылы жүргізілген жұмыстар барысында оқушылардың бойында мынадай дағдылар мен икемділіктер қалыптасады:
- жаңа сөздердің жасалуындағы түбірдің қасиетін қызметін сезінеді;
- жаңа сөздерді жасауда түбірдің мағынасына қосымшалар жалғай отырып, үстеме мағына қосылатындығын аңғарады;
- сөздердің түрлі мағыналық қолданыстарын айырады (дара сөз, күрделі сөздер);
- сөздің тек лексикалық мағынадан тұрмайтындығын, оның грамматикалық мағынасы да бар екендігін ұғынуда және олардың бірлікте болатындығын меңгереді.
4. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану.
Қазақ тілі сабақтарында оқыту әдісі ретінде көрнекі құралдарды пайдалану. Көрнекілік әдісі қазақ тілін оқыту әдістерінің ішінде орын алатын әдістердің түрі. Ол жаңа материалды түсіндіру сабақтарында да кеңінен пайдаланады. Мұғалімнің сөзі мен көрнекілікті ұштастыру – қазақ тілінің теориялық материалын оқушылардың саналы әрі берік меңгеруінің, практикалық дағдыларды игеріп, іскерлікке үйренудің негізгі шарты болып табылады.
Көптеген көрнекі құралдардың ішінде қазақ тілі сабақтарында мыналар жиірек қолданылады: графикалық көрнекілік (схемалар, кестелер, диаграммалар), символдық (тарих және география карталары), бейнелеу құралдары (фото, картиналар, суреттер, кино). Табиғи (зат пен құбылыстың өзін немесе олардың суретін көрсету) және түрлі көлемдік (геометриялық фигуралар) құралдар.
Көрнекіліктің негізгі түрлері және көп қолданылатын кестелер мен схемалар. Бұлар көбінесе мұғалімнің басшылығымен сыныпта жұмыс істеуге арналады. Сөзжасамды оқытуда сабақтың кез келген бөлімінде, атап айтқанда, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қайталау кезеңдерінде де қолданыла береді. Соның ішінде дәстүрлі ірі кеңінен пайдаланылатыны –таблица. Көрнекіліктің таблица ретінде берілуіндегі артықшылық - тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшелігін салыстырып көрсетуге мүмкін болады. Көрнекілік арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға болады.
Төменгі сыныптарда сөзжасамды оқытуда қосымшалардың жалғануы арқылы басқа сөз табы болатынын арнайы суреттер арқылы түсіндірген тиімді. Мысалы, мал (малдың суреті) + шы ═ малшы (қой бағып жүрген шопанның суреті), етік (етіктің суреті) + ші ═ етікші (аяқ киім шеберханасында отырған ұста), т.с.с.
Сөзжасамды оқытуда қолданылатын көрнекіліктің бір түрі - сөздіктер. Сөзжасамды оқытуда сөздіктің келесідей түрлері пайдаланылады: Этимологиялық сөздік; Түсіндірмелі сөздік; Орфографиялық сөздік; Орфоэпиялық сөздік; Фразеологиялық сөздік; Терминдер сөздігі, т.б.