Лекция мәтіндері шымкент глоссарий



бет42/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23

жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним 
синоним 
антоним 
Сөздің лексикалық талдау сызбасы:
1. Сөздің атауыш немесе тура мағынасы  
2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы.
а) түпкі мағынасы
б) туынды мағынасы
- көп мағыналы сөз
- омоним
- синоним
- антоним
- кірме сөздер (араб, парсы, монғол, орыс сөздері)
- табу
- эвфемизм
- дисфемизм
3. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары:
а) сөздің еркін мағынасы
б) фразеологиялық мағынасы
в) синтаксистік шартты мағынасы
4. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары
а) бейтарап мағына
б) бейнелі мағына /троп пен фигуралардың түрлері/
в) терминдік мағына
5. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері
1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері:
а) жалпылама лексика
б) қолданылу өрісі тар лексика
в) сөздердің стилдік қызметіне байланысты түрлері
г) сөздердің актив және пассив түрлері
Мысалы: Қас
1. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы - затты, құбылысты білдіреді
2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы:
а) түпкі мағынадағы түбір сөз
б) омонимі бар сөз: қас-адамның дене мүшесі, қас –дұшпан 
в) синонимы бар: қас-жау-дұшпан
г) антонимы бар: қас-дос
3. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары:
б) фразеологиялық байлауы бар: Қас дұшпан.
4. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары:
б) бейнелі мағынасы бар: адамның сезіміне қатысты эмоционалды мағынада қолданады.
5. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері:
а) жалпылама лексикаға тән.
4. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер. Сөз – заттардың атауы. Жаңа сөзді меңгерткен кезде төмендегі мәселелерге мән берген жөн:
1. Әрбір оқушының жаңа сөздерді жазатын сөздік дәптері болуы керек;
2. Оқушыға сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіретін қазақша түсіндірме сөздік (қажетті жағдайда аударма сөздік) алдыру керек және сөздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру керек;
3. Оқушыларға алдымен күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді меңгерту керек. Күнделікті өмірде сирек қолданылатын сөздерді үйретемін деп, оқушыны, әсіресе, төменгі сынып оқушыларын, қинаудың қажеті жоқ. Сабақта мұндай сөздерді сұрамаған жөн;
4. Сөздің мағынасын оқушыға түсіндіруде сөздіктің алатын орны ерекше. Осыған байланысты оқушыларға қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен жұмыс жасату керек;
5. Жаңа сөздің мағынасын сөзбен түсіндіру қиындық туғызса, оны дене әрекеттерімен түсіндіруге тырысу керек. Егер жаңа сөз бір заттың атауын білдіретін болса, сол заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы үйретуге болады;
6. Егер жаңа сөз іс-қимылды білдіретін болса, тікелей сол қимылды жасау арқылы түсіндіру керек. Мәселен, «отыру» етістігін үйреткен кезде орындыққа отыру керек, «жазу» етістігін тақтаға немесе қағазға жазу арқылы, ал «ашу» сөзін есікті немесе кітаптың бетін аша отырып үйрету керек. Дерексіз ұғымды суреттеу, бейнелеу арқылы түсіндіруге болады;
7. Сөзді, егер бар болса, антонимі арқылы үйретуге болады. Бұл әдіс арқылы сөз оңай меңгеріледі және тез еске түседі. Орта және жоғары деңгейлерде сөзді синонимі арқылы түсіндіру керек;
8. Жоғары сынып оқушыларына сөздің мағынасын сөйлем ішінде қолданылуына қарай аңғартуға тырысу керек. Әрбір жаңа сөз кездескенде, сөздікке қарамай-ақ, сөздің мағынасын сөйлемнің (мәтіннің) жалпы ұғымына қарап шығаруға болатынын түсіндіру керек;
9. Жоғары сыныптарда меңгертілетін сөз күрделі сөз немесе туынды сөз болса, оны талдау керек. Оның түбірінен басқа туынды сөздер жасау керек.
10. Оқушы күнделікті сөйлескенде жаңа сөздерді үздіксіз қолданатын болса, үйренген сөздерін ұмытпайды. Сондай-ақ белгілі бір уақыт аралықтарында қайталау жұмыстарын жүргізу
арқылы жаңа сөздердің оқушының сана-сезімінде қалыптасып орнығуын жүзеге асыруға болады. Сол үшін әр сабақта алдыңғы сабақта меңгертілген сөздерді еске түсіріп, қайталап отыру керек. Қайталау жұмысын жүргізген кезде, жаңа сөзді меңгертуде қолданылатын ойындар ойнатылса, оқушыны жалықтырмайды.
11. Кейде жаңа сөздерді үйретуді қосымша жұмыс түрінде жүргізгендіктен, оқушылар көбіне ол сөздерді сөйлескен кезде қолданбайды. Негізінде, жаңа сөзді меңгерткен кезде, оның практика жүзінде қолданылуына көп көңіл бөлу керек. Сонда ғана негізгі мақсатымызға жетеміз.
12. Мәтінді оқыған кезде сөздерді дұрыс оқуға және екпініне мән беру керек. Оқушының қатесін жай сөзбен, оның намысына тимей және ренжітпей сол мезетте түзету керек. Алайда әр қатені бас салып түзете берсек, оқушының өзіне деген сенімін жоямыз, сондықтан бірінші кезекте маңызды қателерді түзетуге тырысу керек;
13. Жаңа сөзді қызықты әрі сапалы түрде меңгерту үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы зор. Сондықтан жаңа сөзді меңгертуді жеңілдететін әдіс-тәсілдерді зерттеп-зерделеп,
ең пайдалыларын қолдану керек.
5. Сөз байлығы – тіл байлығы. Бірақ тілдегі сөз байлығының барлығының жұмсалу аясы бірдей емес. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі қарым-қатынаста жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналады да, бірқатары қолданудан қалып қояды, немесе өте сирек қолданылады. Сөйлеу тілінде бар біраз сөздер қарым-қатынас әрекетінде кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы, жергілікті диалект сөздер. Ол туралы М.Балақаев: «Сөздердің әдеби, әдеби еместігін айыру оңайда емес, біреуге асыл көрінген сөз екінші біреуге жасық көрінуі мүмкін. Әдеби нормаға қай сөз жатады, қай сөз жатпайды дегенді субьективті көз қарас тұрғысынан болжамай, әдебитте жалпы халыққа бірдей ретінде жиі қолданыла ма, жиі қолданылмай ма деген тұрғысынан болжау керек», - деп көрсетеді.
Сөз дәлдігі туралы сапаға қойылатын талаптар әр түрлі. Солардың бірі- сөздерді тілдегі мағынасына лайық қолдана білу. Бұл тұрғыдан мектеп оқушыларында стильді-лексикалық қателер кездеседі:
а) «бұл кеншарда қой басын өркендетіпті» деген сөйлемдегі ойды түсінуге болады, бірақ «өркендету» мағынасында қолданбаған. Атап айтқанда, қой шаруашылығын өркендету деп айтуға болғанмен, қой басына байланысты санын көбейту деген сөзді қолдану тиімді.
ә) сөздің ұғымы мен мағынасын және статистикалық реңін нақты білмеуден қате жібереді. Сөздерді өз мағынасына сай колдану, дәлдіктен көз жазып қалу, басқалардан гөрі дыбысталуы ұқсас, бірақ мағынасы әр басқа немесе бір түбірден тарап, дербес мағынаға ие болған сөздерді (паронимдерді) жұмсауда кездеседі. Мысалы: 1.Шешесі суйектерін сырқыратып орнынан тұрды. 2. Жігіт жусан иесіне еліктеп мас болғанын сезбеді. 3. Мүйізден зерделеген сандықтың құрсау қаңылтырлары ғана жатыр. Бұл жерде сырқыратып емес, сыртылдатып, еліктеп емес елітіп, зерделенген емес зерленген.
б) дәлдікке қатысты мәселенің бірі, зат, құбылыс пен оның атауы сөз арасындағы байланысты жете тани алмаудан қате жібереді. Мысалы: Күздің алтын күрек желі есті деген сөйлемдегі « алтын күрек» деген тіркес күзде емес, халық көктемде қарды ерітетін жылы желді айтады.
в) сөз-белгілі зат пен құбылыс атауы. Сөзді білгенмен оның қандай затты, құбылысты белгілейтінін білгенмен немесе шала-шарпы ғана игерген оқушы дәлдіктен көз жазып қалады. Кейде осы айтылғандар керісінше зат пен құбылыстың дәл атауын, қалай аталуын білмеу, не оған мән бермеу сөз дәлдігінен жаңылуға себеп болады. Мысалы, бота деудің орнына түйенің баласы деп қолданады т. б.
Тіл тазалығына қатысты да оқушылар стильдік-лексикалық қателер жібереді:
1) тілімізде бөгде сөзді қалай болса солай араластырып қолдана береді.Мысалы, остановкада тұр, звонить етті т. б.
2) басқа тілден екінші тілге сөз алу, жаңа ұғымның пайда болу барысындағы жеңіл калькалар кездеседі. Мысалы, түбек дегенді жарты арал, саулық қой дегенді аналық бас т. б.
3) жергілікті говор, диалект сөздерді таңдамай, сараламай қолдану. Мысалы, бойлай (үнемі, өне бойы), бәткерле қылу (әшкереледі), шекейін (дейін, шейін) т. б.
4) ойға басы артық, қыстырм сөздерді жиі қолдану. Мысалы: әлгі, я, мәселен, яғни, сосын т.б.
5) орыс тілінен енген сөздерді қолдану. Мысалы: 1. Алматыда жаңа площадь, дворец бар. 2. Медео – дүние жүзіндегі көрікті де сұлу мұз айдыны. 3. Қала сыртында көптеген дачалар т. б.
Стильді- лексикалық қателер тілдің көркемдегіш және бейнелегіш құралдарын қолдана білмеу бағытында кездеседі.
а) сөзді көркемдік мақсатта қолдануда қате жібереді. Мысалы: Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.
Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы мағынасы мен стильдік реңін жете түсінбегендіктен жіберіледі:
ә) фразелогиялық тіркестердің мағынасын түсінбей қолданудан туған қателер. Мысалы: Біздің балалардың қуанғанынан жүрегі қарс айырылды (жүрегі қарс айырылған адам қуанбайды, қайғырады, ашуланады). Олардың көшесі жүзіктің көзінен өткендей (жүзіктің өткендей деген фразеологизм әдемі, сұлу мағынасын аңғартқанымен көше, қала, ауыл сияқты мекен-орынды білдіретін жерлерге қолданылмайды).
б) фразеологиялық тіркестердің құрамындағы сөздерді өзгертіп қолданудан туатын қателер. Мысалы: Ойға батқан батырдың қабырғасы майысты (қайысты деген дұрыс).
в) фразеологиялық тіркестердің құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып қолданудан туатын қателер. Мысалы: Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен күн көргендерді сынады (дұрысы: ауырдың үсті, жеңілдің астымен).
Мұндай қателер оқушылар тілінің даму деңгейінің төмендігі мен сөз қорының аздығынан болады. Сондай-ақ сөз мағыналарын ажырата білмеу лексикалық білімнің жетімсіздігі мен өмір тәжірибенің танып-білуі төмен, естіген, көргені аз т. б. жоқтығынан да болды.
Грамматикадан берілген білімді бекіту үшін оқушыларға орфографиялық және түсіндірме сөздіктерін пайдалана білуді, сонымен қатар ондай сөздіктерді өздігінен жасай алуды үйретудің маңызы зор. Сөздікпен жұмыс жасауға үйретудің алғышарты ретінде бастауыш сынып оқулықтарының соңында меңгерген немесе меңгеретін пәні бойынша сирек кездесетін және термин сөздерге қысқаша түсіндірмелі сөздік берілгетін баршамызға белгілі. Бұл үрдіс жоғары сыныптарда да жалғасын тапқан.
Қазақ тілі мұғалімі оқушыға жаңа сөздерді меңгертуде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Оның бірі – сөздікпен жұмыс жүргізу әдісі. Сөздікпен жұмыс жасау оқушыны шығармашылық жұмысқа баулуға, өздігінен жауап іздеуге, тиянақты, нақты мәлімет алуға үйретеді. Бұл іс-әрекет тек қазақ тілі сабағында ғана емес басқа да пәндерді меңгертуде тиімді болмақ.
6. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасында фразеологизмдер лексикологияның құрамында үйретіледі. Коммуникативтік моделге негізделген білім жүйесі «..оқушыларды өз-өзін, материалдық болмысты тілдің көркемдегіш бейнелі құралдары арқылы аңғаруға және өзінің сезім-түйсіктерін туған тіліміздің кең мүмкіндіктері шеңберінде баяндай алу дағдыларын
қалыптастырып, дамытуға бағытталған..».
Фразеологизмдер тілдің осындай көркемдегіш құралдарынан бірі, пікірді ауыс мағынада әсерлі де көркем жеткізуге қызмет етеді.
Фразеология лингвистиканың үлкен бір саласы, (грекше phrasis сөзінен алынған) екі немесе бірнеше сөз тіркесінен тұрып, бір мағынаны аңғартатын сөз тіркесі.
Фразеологизмдер семантикалық тұрғыдан алып қарағанда, белгілі бір халықтың басынан кешірген тұрмысына, олардың өзіндік ерекшеліктеріне, әдет-ғұрпына, мінез-құлқына, ұлттық құндылықтарына байланысты пайда болады. Халық қазынасы болған фразеологизмдердің талай заманды басынан көшіріп, өңделе, ажарлана отырып, әбден шыңдалған сарасы ғана халық санасында сақталады. Олардың ескісін ескіртпей, жаңасын құлпыртатын қасиеті – түр-тұлғасының көркемділігі мен мағынасының тереңдігінде. Бұлардың көпшілігінің сыртқы құрылысы өзіне арнаулы түр талап етсе, ішкі мазмұны айтылатын ойға сай болуын талап етеді де, сол екеуінің бірлігінен мәнерленіп құралады.
Фразеологизмдер тақырыбына арнайы сағат беріліп, мәтіндер талдау негізінде сөздің тура және ауыс мағыналарын анықтау, олардың ауыс мағыналарына синонимдес, антонимдес сөздер табу, т.с.с. тапсырмалар берілген.
Мектеп оқулықтарында кездесетін фразеологизмдердің барлығының түп-төркінінде қазақ халқының өзіне сай тұрмыс салты, төрт түлік мал шаруашылығы, ұлттық музыка аспаптары мен қолөнеріне байланысты ұғымдар айқын көрініс тапқан. Фразеологизмдерді меңгеру барысында оқушылар фразеологизмдердің пайда болуында сол халықтың этнографиясы, ұлттық құндылықтарының зор маңызға ие екенін саналы түрде түсінеді және сөздік қоры дамиды, оқушыларда Отан-Анаға сүйіспеншілік, Егемендік идеяларына беріктік, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасады және дами түседі.
7. Лексика мен фразеологияны оқытуда көрнекі құралдарды, сөздіктер мен қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.
Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.
«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр.Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.
Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады.
Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы.
Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі.
Тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлікбағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректерқоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабағының лексика мен фразеологияны оқытуда компьютердің көмегімен күрделі оқу материалын түсінуге, ұғынуға, қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл сабақтың кез келген бөлімінде, атап айтқанда, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қайталау кезеңдерінде де қолданыла береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет