Лекция тезистері 1-Тақырып. Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі


-Тақырып. Спортшы дайындығы - көп жылдық үрдіс



бет20/26
Дата08.02.2022
өлшемі148,5 Kb.
#98409
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
866467047058 7 Лекция тезистер

8-Тақырып. Спортшы дайындығы - көп жылдық үрдіс
Дәріс мақсаты: Спортшы дайындығы көп жылдық үрдісімен таныстыру
Тақырып сұрақтары

  1. Алғашқы дайындық және бастапқы мамандану кезеңі.

  2. Тереңдете жетілдіру және спортта ұзақ жасау кезеңі

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)
Жоғары спорттық көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы, 10 жылдан артық мөлшерде, үзіліссіз жаттығуы керек. Осы көп жылдық жаттығу шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Алғашқы дайындық кезеңі. Республикамызда спорт мектептерінің алғашқы дайындық топтарына өз еркімен спортпен айналысқысы келген, ата-аналарының, мектеп басшыларының, дәрігердің келісімін алған балалар қабылданады. Бұл балалар спорт мектептерінің жас ерекшеліктеріне, спорт түріне байланысты бекітілген ережелері бойынша спорт топтарына бөлінеді. Мысалы, гимнастика 6 жастан, суға жүзу 7 жастан, футбол 8 жастан, хоккей 9 жастан, ескек есу 10 жастан, ат спорты 11 жастан т.с.с.
Осы топтардағы оқушылар үш жыл бойы жалпы дене қуатын дамытумен, бастапқы техника негіздерін үйренумен айналысады да, әр түрлі сынақтар тапсырғаннан кейін оқу-жаттығу топтарына ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет