Лекция тезистері


Қысқаша теориялық мәлімет



Pdf көрінісі
бет21/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

Қысқаша теориялық мәлімет:
1.
 
Iс-әрекет
– адамның қоршаған ортаға деген белсендi қатынасының бiр формасы немесе 
қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi.
Тiрi материяның өлi материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – 
белсендiлiкте. Адамның белсендiлiгi өте көп қырлы. Жануарға тән түрлi формаларға қоса, адамда 
белсендiлiктiң ерекше формасы – iс-әрекеттi айтуымызға болады. Iс-әрекеттi адам белсендiлiгiнiң 
ерекше түрi ретiнде анықтауға болады: ол мәдениеттiң материалды және рухани дүниесiн құрайды, 
өзiнiң қабiлеттерiн дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны iс-әрекетте қолдануы 
– жануар белсендiгiнен айырмашылығы болып табылады. Яғни, адам iс-әрекетi продуктивтi, өнiмдi 
сипатқа ие.
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі 
іс-
әрекет
болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъекттің белсенділік формасы 
болып табылады, сондықтан кез-келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар іс-әрекеттің қоздырушы 
себептері және де ол белгілі жетістіктерге бағытталады.
Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне 
мотив
жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-
әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке 
шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның 
мақсаты
мен 
міндеттерін
анықтайды.
Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі 
әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет 
мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни 
міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі 
түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты басты мақсатқа 
жетуге болмайды. Іс-әрекеттің негізгі түрлеріне: 
ойын, оқу 
және
 еңбек 
жатады.
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім 
шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік,демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше 
түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар. 
Индивидуалды 
ойын
тек бір адамның қатысуымен жүретін адам іс-әрекетінің түрі. 
Топтық
ойын бірнеше индивидтың 
қатысуымен жүреді. 
Заттық
ойын заттардың қатысуымен байланысты болады. 
Сюжеттік 
ойын белгілі 
сценарий бойынша жүреді. 
Рөлдік
ойындар белгілі рөлмен шектелген әрекеттеоге негізделеді. Ал 
ережесі бар ойындар
ойынға қатысушылардың белгілі ережелер жүйесімен реттеледі. Сонымен қатар 
ойынның аралқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, 
т.б. Ойын барысында пайда болатын қарым-қатынас әдетте жасанды сипатта болады. Жасанды дегеніміз 
– айналадағылар оны шынайы қабылдамайды және адам туралы қорытынды жасауға негіз бола 
алмайды. Ойындық жүріс-тұрыс пен ойындық қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасына 
әсерән тигізбейді. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен 
ерешеленеді. Үлкен адамдарда ойын жетекші іс-әрекет болып табылмайды, тек қарым-қатынас пен 
бәсеңдік қызметін атқарады. 
Іс-әрекеттің тағы бір түрі – 
оқу.
Оқу адамның білім,икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-
әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде және арнайы мекемелерде іске асуы 
мүмкін.Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында 
болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін 
атқарады.
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл 
еңбек
. Еңбектің арқасында адам қазіргі 
заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне 
шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі 


еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, 
техникалық және көркем шығармашылықтың артуының факторы болды. 
2. 
Кеңес психологиясының дамуында үлкен маңызға ие болған теорияны қарастырайық. Бұл 
теория Кеңес кезінде шығып, оратлық психологиялық теория болды және де 50 жылдан астам уақыт 
бойы дамып отырды. Аталмыш теорияның зерттелуі мен дамуы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, 
А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин тәріздес әйгілі Кеңес психологтардың 
аттарымен байланысты. Неге осы теория Кеңес психологиясында аса маңызды орын алады? Біріншіден, 
осыдан бұрын біз сананың пайда болуы мен адам психикасының дамуында еңбек пен іс-әрекеттің 
шешуші рөлі туралы айтқан болатынбыз. Бұл көзқарас осы уақытқа дейін Кеңес психологтардың зерттеу 
методологиясында басты орын болып отыр. Екіншіден, іс-әрекеттің психологиялық теориясы осы 
көзқарасқа сүйене отырып, адамның санамен қоса психикалық феномендерінің көрінуінде іс-әрекеттің 
рөлін аша түседі. Адамға баға беріп, оның тұлғалық ерекшеліктері пікір айту үшін біз негізінен оның іс-
әрекетінің нәтижесіне сүйенуіміз керек.

Іс-әрекеттің психологиялық теориясы ХХ ғасырдың 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың 


басында дами бастады.Бұл теорияның басты ерекшелігі – ол диалектикалық материализмнің негізгі 
принциптеріне сүйенеді және осы философиялық бағыттың басты тезисін қолданады. Іс-әрекеттің 
теориясы А.Н.Леонтьевтің еңбектерінде толығырақ қарастырылған. 
Осы теорияның негізгі түсініктеріне іс-әрекет, сана және тұлға жатады. Бұл түсініктерде қандай 
мағына жатқанын анықтап, олардың құрылымын қарастырайық.
Адам іс-әрекеті күрделі иерархиялық құрылымға ие. Ол бірнеше деңгейлерден тұрады. Жоғарғы 
деңгей – іс-әрекеттің ерекеше түрлерінің деңгейі, содан кейін әрекет деңгейі, содан соң – операциялар 
деңгейі. Ал ең төменгі деңгей – психофизиологиялық функциялар деңгейі. 
Іс-әрекетті талдаудың негізгі бірлігі болып отырған 
әрекет
осы иерархиялық құрылымда орталық 
орын алады. Әрекет – мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процесс. Бұл жерде мақсат – саналы бейне 
екеніне бірден көңіл бөлу керек. Белгілі іс-әрекетті орындай отырып, адам үнемі осы бейнені өз 
санасында ұстап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет