Лекция тезистері


Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді



Pdf көрінісі
бет2/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді: 
1. Психикалық процестер
дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі 
бейнелері.(
Танымдық:
 
түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, тіл, зейін, ерік ;
Эмоционалдық:
 
Эмоция және 
сезім). 
2. 
Психикалық ерекшеліктер дегеніміз

бір адамды екінші адамнан ажырытуға нгегіз болатын ең 
маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.
 
(Психикалық қасиеттер: Темперамент, мінез, қабілет, 
бағыттылық.)
 
3. 
Психикалық күй дегеніміз
-
адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері. (қорқу, қуану, 
зерігу, зорығу, т.б.) 
Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады. Оның белгілі 
бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен 
тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы 
процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық 
процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер 
қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның 
психикалық қасиеті
дегенде белгілі бір сандық және сапалық 
қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. 
Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің 
даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) 
психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды. 
2.
ХIХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дәл 
былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң 
тарихы деп отырғанымыз психология-ның фәлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен 
ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дәуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi 
болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды. 
Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылыс - өзгерiс-терге енгенiмен өмiрлiк iс-әрекеттiң қозғаушы 
күшi - жан деген тұжырымға ешбiр шүбә келтiре алмады. Тек ХҮIII ғ.психология бiлiмiнiң дамуында 
Рене Декарт жаңа дәуiр есiгiн ашты. Ол адамның iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене әрекетiнiң де жанға 
ешқандай қатысы болмайтыны жөнiнде пiкiр айтып, дәлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi 
желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет