сана психологиясы жүзеге келдi.
ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына әртүрлi
мақсаттарды белгiлеп, әртүрлi зерттеу тәсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар
таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар
сананың осы интроспектiк психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Бұл теориялар бойынша психологиялық
зерттеулердiң бәрi қоршаған орта мен адам iс-әрекетiне байланыссыз жан толғаныстары мен
көрiнiстерiне негiзделдi. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында
шешiмiн тапты.
3. Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып
отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның
түрлі тәжірибелік іс – әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр. Адамның нақты іс – әрекеттеріне
сүйене отырып, оның психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз.