Тәлім – тәрбие психологиясы. Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі
психологиялық заңдылықтар. Ол оқушылардың ақыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын
қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара
қарым – қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы
өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың
мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу – тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін
ескерiп, бірқалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу
әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.