Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан
болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – құлқы мен отаншылдық қасиетін
тәрбиелеп қалыптатыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындағы қарым – қатынастар, үгіт
– насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған қарсы барлау
істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.
Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл
сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара
қарым – қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезде әлеуметтік
психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе қамтылды: