Ғылыми – шығармашылық психологиясы – соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада
шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп,
ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы
ерекше маңызды заңдылық –
эвристика тәсілі.
Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология - бұл сала бойынша
қарастырылатын мәселелер – әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету
факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле қойған
жоқ.