биохимиялық теория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар.
Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа
реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi
реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы реакция секунттар
мен минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп есептейдi. Ал
екiншi кезеңдегi клеткада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ мерзiмдi естiң механизiмi деп есептейдi.
Бұны атжалманндарға өткiзiлген эсперименттерде тексерген және адамдардан байқаған. Мысалы, егер
адамға бiр әсерден кейiн мидағы электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай түрғанда (10
секунттың iшiнде) бұл әрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда
соңғы әсердi адам есiне түсiре алмайды.
Естiң зерттеулерiнiң iшiнде кибернетикалық модельдеу де бар. Бұл арқылы естiң