Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет94/124
Дата11.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#131432
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   124
Байланысты:
2. Лекция (7)

6.
 
Қиялдың жалпы сипаттамасы
Адам әрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі. Секунд сайын біздің сезім 
органдарымызға ондаған және жүздеген әртүрлі стимулдар әсер етеді, олардың көпшілігі адамның 
есінде көпке шейін сақталады. Адам психикаcының ең қызықты феномендерінің бірі, шынайы әлемдегі 
құбылыстардан алған әсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, сонымен бірге белгілі-бір 
өңдеуден өтеді. Бұндай феноменнің өмір сүруі, адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты 
түрде өзгертуге себепті болады. 
 
Адам минда бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп 
аталынады.
Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі 
жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды 
қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен 
қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау 
үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін 
адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамдардың 
фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола 
бастады. 
Қиялдың ғылыми техникада және көркем шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола 
бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының 
нәтижесі ретінде ғана роль атқарады. 
Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған 
оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді 
жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз. 
Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау 
жолымен жасалынады. Мысалы: Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалынған 
кейіпкерлер (жезтырнақ, дәу ) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін 
аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз 
алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және 
үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде 
біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді.
Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың 
объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы 
немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет