Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


тақырып. Іріңді- септикалық аурулар. Жаңа туған нәрестенің ОНЖ зақымдануы. Нәрестенің іріңді-септикалық аурулары



бет22/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

тақырып. Іріңді- септикалық аурулар. Жаңа туған нәрестенің ОНЖ зақымдануы.

Нәрестенің іріңді-септикалық аурулары.
Жаңа туған баланың терісі – қызғылт, жұмсақ, жұқа, өйткені терінің барлық қабаттары жетілмеген. Теріде қан тамырлары өте көп ал тамырлар тез жарақаттанғыш.
Тері организмде 5 функция атқарады;
1. Дене температурасын реттегіш функциясы балада жақсы дамымаған, сондықтан кішкене балалар тез тоңып, тез қызады. Осыны ескеріп, бөлменің температурасын біркелкі 20-220С ұстап, баланы қымтамау керек. Ал, серуендегенде үлкен кісілерге қарағанда жылырақ киіндіру керек.
2. Қорғаныш функциясы да нашар дамыған, микробтар тез еніп, балаларда терінің іріндегіш аурулары, сепсис жиі енеді. Сондықтан күтім жабдықтары, киімі, күтуші адамның қолы өте таза болуы керек.
3. Демалыс функциясы жақсы дамыған. Тері арқылы О2 еніп СО2 (көмір қышқыл) газы бөлінеді.
4. Бөлу функциясында жақсы дамыған – тері, су және зат алмасу заттарын бөліп шығарады. Бұл екі функциясы жақсы орындалуы үшін тері таза болу керек. Сондықтан 6 айға дейін күнде шомылдырып дәретке отырған сайын астын жуып, бетін жуып отыру керек.
5.Витамин құру қызметі жақсы дамыған, баланың терісінде ультра күлгін сәулесінің әсерінен «Д» витамині құралады.


Терінің аурулары.
Баланың тері аурулары оның күтімі дұрыс болмаған кезде немесе қымтап қыздырып жібергенде пайда болады.
1. Баздану (опрелость) тері қыртыстарында және құйрығында жиі кездеседі. Мойын, қолтық, шап, шынтақ жерлерінде тері қызарып, ісініп суланып кетеді, кейде терісі сыпырылып түседі.
Емдеуі: 1.бөлмедегі температураны реттеу.
2.баланы жалаңаштап
3.бос жөргектеу
4.баланы әлсіз калий перманганатының ерітіндісіне шомылдыру, түймедақтың (ромашка) қайнатпасына
5.тері қыртыстарын қайнатылған сұйық маймен майлау
6.ультракүлгін сәулемен емдеу.


Пиодермиялар- терінің жедел және созылмалы іріңді-қабыну аурулар тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет