Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Шалалықтың морфологиялық белгілері



бет21/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Шалалықтың морфологиялық белгілері.
Шала туылған балалардың сыртқы келбеті жүктілік мерзіміне тікелей байланысты бірқатар белгілерден тұрады. Баланың гестациондық жасы неғұрлым аз болған сайын белгілері соғырлым айқын болады.

  1. дауысы жіңішке, жай, шыңқылдаған;

  2. қимылдары жай;

  3. терісі қызығылт, қыртысталған, жұмсақ түкпен жабылған (лануго);

  4. тері асты май қабаты дұрыс жетілмеген;

  5. құлақ қалқаны жұмсақ;

  6. қыздардың үлкен жыныстық еріндері кіші жыныстық еріндерін жаппайды, ұлдардың ұмасы бос болады;

  7. кіндік сақинасы семсер тәрізді өсінді мен шат сүйегінің ортасында емес, төмен орналасады;

  8. бас сүйегінің жіктері, еңбектері ашық болады;

  9. тырнақатары жұқа, саусақ ұшына жетпейді;

  10. Өкшедегі сайлары сирек, қысқа терең емес;

Шалалықтың функциональдық белгілері.
Шала туылғандарға барлық мүшелері мен жүйелерінің жетілмеуі тән, олардың дәрежесі жүктілік мерзіміне байланысты болады. Шалалықтың неврологиялық белгілеріне: бұлшық еттерде гипотония, физиологиялық рефлекстері мен қимыл белсенділігінің төмендеуі. Тыныс алу минутына 40-80 тыныс алу қимылын құрайды, ырғақсыз, арасында тынысының тоқтауы-апноэ болады. Шала туылған балалардың терморегуляциясы жетілмеген. Балалар тез салқындап және тез арада қызып кетеді. Сору және жұту рефлекстері әлсіз жетілген.
Шала туылғандарға физиологиялық сарғаю, эритема, сарғаю айқын және ұзақтау болады.
Күтім ерекшеліктері

  1. инфекцияның алдын-алу шаралары: қолды дұрыс жуу, тек стерильді құралдарды пайдалану, қажет емес инвазивті процедураларды жасамау

  2. гипотермияның профилактикасы: бөлме температурасы 25-28 С, бала жылы киіндірілген, бас киім, шұлық, бірақ тығыз орауға болмайды. 3-4 дәрежелі шала туған балалрды кювезде ұстайды. Кювездегі жағадай құрсақ ішіндегі жағдайға жақын: температурасы 32-34 С, ылғалдыдығы 60-70%, ылғалданған отегі беріледі, баланы кювезден шығармай күтім көрсетуге болады.

  3. гипогликемияның профилактикасы: ерте және жиі емізу;

-егер балада сору және жұту рефлекстері болмаса, нозогастральды зонд арқылы сауылған ана сүтімен тамақтандырады;
- егер сору рефлексі жоқ, жұту рефлексі болса, сауылған ана сүтімен қасықпен немесе ыдыспен береді;
Сору рефлексі пайда болған кезде омырауға салу керек. Баланың жағдайы жақсы болса, емізу кезінде жалаңаш баланы анасының денесіне салуға болады («кенгуру әдісі»).

  1. кіндік қалдығын ешқандай дәрілік заттармен өңдемей құрғақ ұсталады.

Нәрестені қосымша жылыту үшін термоматрац, термоқорғағыш қабық, жылытқыш қолданылады. Ұзаққа созылмайтын іс- әрекеттерді орындауда жылытқышы ( сәулелі жылу лампылары\ Амеда\)бар құндақтау үстелі қолданылады. Қолдары тігілген нәресте көйлегі киіледі.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет