Қоректік құндылығы жағынан адекватты Энергиялық құндылығы жағынан: Қосымша тамақ қою болуы керек, салған қасық баяу бататындай. Сұйық сорпалар беруге кеңес берілмейді, себебі бала үшін қажетті энергиялық құндылығы жеткіліксіз. Қою тамаққа 1 шай қасық өсімдік майы, үй қаймағы немесе сары май қосу қажет. Қосымша тамаққа берілетін тамғамдар көп түрлі болуы тиіс (ет, балық, әртүрлі жармалар, көк өніс, жеміс жидек, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар, жақсылап тазартылған, ұнталған жаңғақтар, сүт тағамдары).
Қосымша тамақ қабылдау жиілігі мен көлемі жөнінен жеткілікті: Қосымша тамақ қою болуы керек, салған қасық баяу бататындай. Сұйық сорпалар беруге кеңес берілмейді, себебі бала үшін қажетті энергиялық құндылығы жеткіліксіз. Қою тамаққа 1 шай қасық өсімдік майы, үй қаймағы немесе сары май қосу қажет. Қосымша тамаққа берілетін тамғамдар көп түрлі болуы тиіс (ет, балық, әртүрлі жармалар, көк өніс, жеміс жидек, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар, жақсылап тазартылған, ұнталған жаңғақтар, сүт тағамдары). 6 айдан 12 айға дейін егер бала табиғи тамақтануда болса күніне 3 рет, егер табиғи тамақтануда болмаса күніне 5 рет. Бір жейтін тамақ көлемі 150 мл -225 мл.
Қосымша тамақ қауіпсіз болу тиіс: таза тамақ, таза ыдыс, таза қол.
Алғаш рет қосымша тамақтың қосылу ( баланы тамақ жеуге үйрету) кезеңі - транзиторлық кезең деп аталады. Осы кезеңде қосымша тамақты:
- біртіндеп – бір шай қасықтан бастап, мөлшерін біртіндеп көбейте отыра енгізу керек.
- бір текті (гомогенді), орташа қойюлықты (пюре), бір компоненті, жергілікті жерде өсірген, өндірген тағамдары пайдалануға кеңес беріледі.
3 жасқа дейін балаға дайындалған тамақтарға тұз, қант, дәмдеуіштер қосу құпталмайды. Кішкентай балаларға шай беруге болмайды, әсіресе 3 жасқа дейін.
Қосымша тамақ қосу ережесі:
- Қосымша тамақты емізгенге дейін беру
- Қосымша тамақты енгізуді жарама, көк-өніс, жеміс жидектерден бастау
- Аз мөлшерден, бір түрінен бастап, біртіндеп көбейту
- Бала өскен сайын тек езілген тағамдар бермей, өзгерту
Гипогалактия
Нәрестені емізуде кездесетін қиыншылықтардың бірі гипогалактия-сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі. Гипогалактияның алдын алу және анаға көмектесу тактикасы: Гипогалактияның себебін және сүттің қаншалықты аз екенін анықтау керек. Окситацин рефлексін стимуляциялау үшін анасынның сүтінің жеткіліктілігіне, баласын тойдыра алатына көзін жетікзу керек. Физиологиялық әдісі баланы жиі, соның ішінде түнде тәулігіне 8 реттен көп емізу; бір мезгілде екі омырауын беру; анасына күн режимін реттеу; сұйықтық ішуді көбейту, тәулігіне 1 литр; рационына лактацияны жақсартатын тағамдар (грек жаңғағы, балық, ет) қосу; Емізер алдында 20-30 мин бұрын жылы сүт немесе шай, 1 шай қасық бал қосып ішу керек. Жылы душқа түсу немесе омырауына жылы компресс басу, арқасына, кеудесіне массаж жасауды ұсыну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |