3 тарау. 1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру.
3.1. тақырып. Табиғи тамақтандыру.
Табиғи тамақтандыру (БШАЫЖ).
Баланың денсаулығы, олардың ауру деңгейі тамақтану сапасына тікелей байланысты болып келді. Қарқынды дамып, өсіп келе жатқан организмнің физиологиялық сұрынасқа сай рациональды тамақтану, оның иммунитетін, қоршаған ортаның жағымсыз факторларына төзімділігін арыттырады. Жасқа дейінгі балалар арасынада тамақтанудың 3 түрі бар: табиғи тамақтану, аралас тамақтану және жасанды тамақтану.
Табиғи немесе анасының омырауымен қоректендіру бұл жаңа туған нәресте мен ерте жастағы бала үшін физиологиялық адекватты қоретендіру болып табылатын, ең дұрыс тамақтанудың түрі. Ана сүті нәрестенің организміндегі ас қорыту мен зат алмасу ерекшелігіне сәйкес келетін, баланың қажетіне қарай өзгеріп отыратын бірден-бір тамақ.
6 айға дейінгі баланың қоректенуі. 6 айға дейін бала тек қана ана сүтімен күндіз-түні, баланың қалауы бойынша, ешқандай шырын, су, шай, сүт қоспаларын, басқада тағамдар бермей, тәулігіне 8 реттен кем емес тамақтануы тиіс. Бала алғаш “аштық” белгілерін (қозғалақтап, еріндерін қозғап, саусақтарын сорып) көрсете бастағанда, жылауын күтпей омырауға салуы керек.
Омыраумен тамақтандырудың артықшылығы:
Омырау сүтінде нәрестені ең қажетті қоректік заттармен қамтамассыз етеді. (белок, лактоза, А және С витаминдері, темір). Омырау сүтінде, сонымен қатар, мидың, көздің, қан тамырлардың жетілуіне қажетті май қышқылдары болады. Бұл май қышқылдары басқа сүттерде болмайды.
Омырау сүтіндегі қоректік заттар басқа сүттерге қарағанда баланың ас қорыту жолдарында оңай қорытылады.
Омырау сүтінде қажетті мөлшерде су болады, ол ыстық кезде де баланы керекті сұйықпен қамтамасыз ете алады.
Ана сүті арқылы балаға дайын иммуноглобулиндер барып, ол баланы жұқпалы аурулардан қорғайды. Омырау сүті қашанда дайын, жылы, таза, балаға кез-келеген жерде, кез-келген уақытта беруге болады. Бұл бала организіміне инфекцияның түсу қаупін төмендетеді.
Омырау сүтімен қоректену баланың физикалық және нервтік-психикалық дамуын, интеллектуальды даму көрсеткіштерін жақсартады.
Омырау сүті тегін, яғни қаржы жоюды қажет етпейді.
Ана сүті бала мен ана арасындағы жақын, мейрімділік пен махаббатқа толы қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Омыраумен емізу анасының денсаулығына да оң әсер етеді. Босанғаннан кейін нәрестені бірден омырауға салу әйел организіндегі табиғи окситациннің бөлінуіне әсер етіп, жатырдың жиырылып, босанған кейінгі қан кетулердің алдын-алады.
Омыраумен емізу әйелдегі аналық бездің және омыраудың қатерлі ісіктерінің пайда болуын төмендетеді.
Омыраумен емізу келесі жүктіліктің алдын алады (лактациялық аменорея).
Қосымша тамақ. Қосымша тамақ, 6 айдан бастап, баланың рационына омыраумен қоректенуге қосымша енгізілетін тамақтандыру.
Қосымша тамаққа қойылатын талаптар:
Уақыты: Қосымша тамақ балаға 6 айында, яғни 180 күндігіген бастап қосылады. 6 айлығында бала физиологиялық дамып жетіліп, басқа тамақтарды қабылдау үшін дайын болады, баланың энергия мен қоректік заттарға деген қажеттілігі артады, оның омырау сүтінен алатыны жеткіліксіз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |