Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет13/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Қан жасау жүйесінің АФЕ. Жалпы қан жүйесіне айналымдағы қан, қан түзу және қанды ыдырату мүшелері /қызыл жілік майы, бауыр, талақ, лимфа түйіндері және басқа лимфоидты денелер/ жатады.
Адамның қаны сұйық бөліктен – плазмадан және осы плазмада жүзіп жүруші формалы элементтерден – эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттерден тұрады.
Құрсақтағы кезеңде гемопоэз /қан түйіршіктерінің түзілуі/ эмбриондық кезеңнен басталады, жүктіліктің 2-3-ші аптасынан бастап ең алғашқы қан түйіршіктері – мегалобластар – пайда болады. Жүктіліктің 6 - шы аптасы – 5 айлығы арасында қан түзілу бауырда, 3 - 4 айлығынан талақта өтеді. Жүктіліктің 4 - 5 айлығынан қан түзілу қызыл сүйек майларында жүре бастайды. Бала дүниеге келгенде қызыл жілік майы, шеткі лимфа тіндері және талақ қан түзу мүшесі болып, одан әрі қарай қан түзу негізінен тек қызыл жілік майларында жүреді. Бала 1- жасқа келген кезінен қызыл жілік майларының біртіндеп сарғая түсуі аңғарылып, 4-жасқа келгенде жілік майлары толық сарғайып, қан түзу функциясынан айрылады. Қан түзу ересектердікіндей жалпақ сүйектердің кемігінде шоғырланады.
Құрсақішілік даму кезеңінде ұрықта қан түзілудің осы 3 кезеңінде 3 түрлі Нв түзіледі: 1-ші кезеңде – Нв «Р»- эмбриондық гемоглобин,
2-ші кезеңде – Нв «F» - ұрықтық (фетальный) гемоглобин.
Нв «Р» жүктіліктің 10-12 аптасына дейін ғана сақталып, 10-шы аптадан бастап «F» гемоглобинімен қатар (90-95%), «А» гемоглобині адам гемоглобині (5-10%) түзіле бастайды. Бала туылған кезде Нв «F» мөлшері 45-90% аралығында болады, бала неғұрлым ерте, шала туылса, Нв «F» мөлшері соғұрлым басым болады. Өйткені, А гемоглобині балада жүктіліктің соңғы айларында көбейеді. Балалардың қан түзгіш ағзаларының ең басты ерекшелігі ішкі және сыртқы ортаның кері әсерлеріне өте сезімталдығы. Әр түрлі жұқпалы аурулардан кейін, экологиялық жағдайлар, химиялық заттардың әсерінен қан түзгіш ағзаларындағы гемопоэз бұзылып, қан түйіршіктерінің эмбриональды, жетілмеген түрлері (мегалобластар,эритробластар) пайда болады.
Бала қанының көрсеткіштері оның жасына қарай, өсе келе өзгеріп отырады. Таблицада көрсетілгендей, қан көрсеткіштерінің айырмашылықтарына сәйкес бала жасы 3 кезеңге бөлінген:
1-ші кезең – жаңа туылған бала кезеңі (0-28).
2-ші кезең – емшектік кезеңі (29 күн - жас)
3-ші кезең – 1 жастан асқан бала кезеңі.
Жаңа туылған бала кезеңінде бала қанының көрсеткіштерінде көп айырмашылықтар бар: ең жоғарғы Нв және эритроциттер мен лейкоциттер саны анықталса, ЭШЖ салыстырмалы түрде төмен болады.
Ал ең төменгі Нв және эритроциттер емізулі балаларда, өйткені бала осы кезеңде тез өсіп дамиды да, эритроциттер түзілуі оған ілесе алмай қалады. Туылған кездегі жоғарғы Нв тез азайып кетеді, өйткені құрамындағы Нв «F» тұрақсыз, тез бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет