Этиологиясы: Осы кезге дейін анықталмаған.
Клиникалық көрінісі: Дерт 3 жастан асқан қыз балаларда жиі кездеседі. Науқастардың 1/4-де ДМ жедел, жоғары қызынумен басталып, жылдам дамыған бүлшықеттер элсіздігімен, миалгия, тері өзгерістері жэне шырыш қабаты бүзылыстарымен байқалады. Аурудың алғашқы белгілері: тері, шел қабаты, бүлшықеттер ісінуі жэне буындық синдром; висцералдык, синдромдар да болуы мүмкін.
Науқастардың 2/3 —де ДМ дамуы созылыңкы; субфебрилитет, тері өзгерісі онша байқаусыз, бүлшықет элсіздігі де кейінірек, арада бірнеше апта өткен соң білінеді. Сирек жағдайда ауру өте баяу басталып, тек 2-3 жыл өткенде ғана оның негізгі белгілері бірте-бірте шығады.
Тері бұзылысы көз айналасында орналасқан көкшіл түсті эритема және ісінумен ерекшеленеді. Бүл ДМ-тін тек өзіне тэн ерекшелігі, яғни «ДМ-тік көзілдірік» деп аталады. Аурулардың көбінде терінің симметриялы эритематозды көк шырайлы аумақтары мен буындарының жазатын жағында тыртысқан атрофиясы байкалады. Көз қабығының телеангоиэктазиялары, алақанның, саусақ ұшының капиллярлык суреті, бет, кеуде, аяқтың симметриялы мрамор түстес кейіпі де сирек емес.
Ағымы: ДМ-тің жедел, созылыңқы және біріншілік созылмалы ағымдарын ажыратады. Аурудың өршу дэрежесін үш сатыға айырады. Жедел ағымында жоғары белсенділік, кеселдің ауыр, көп жүйелі клиникалық көрінісі жылдам дамиды (3-6 апта ішінде).
Диагнозы: Бала ДМ-нің негізгі диагноздық шарттарына жататындары: параорбиталды көкшіл эритема, кейде ісіну мен «ДМ көзілдірігі», буынның жазылатын жағындағы терінің атрофиялық бүзылысы; бүлшықеттердің, көбінесе проксимальды топтардың, симметриялы бүзылысы (әлсіздік, ауыру, ісіну, гипотрофия) жэне бүған жүтқыншақ, көмей еттерінің араласуы.
Емі. Кешенді ем құрамында микроциркуляцияны жақсартатын дәрілер қолданылады: вазодилятаторлар (эуфиллин, папаверин, компламин, коринфар ж.б.), А, В, Е витаминдері, антиагреганттар (курантил т.б.). Негізгі емі цитостатикттер (метотрексат 2,5-7,5 мг/кг). Ұзақ уақыт қолданады, көбіне преднизолонмен бірге береді.
Реабилитация - мүмкіндігінше санаториялық- курорттық ем жүргізу пайдалы.
Алдын алу: Біріншілік алдын алуға дәнекер тіңдердің жүйелі ауруларының дамуы мүмкін балаларды қатерлі топқа бөлу қажеттігі жатады. Бүл балаларға алдын ала егу, дэрі - дэрмектер қабылдау, гамма - глобулин, қан, плазма күю аса сақтықпен жүргізіледі. Екіншілік профилактика диспансерлік бақылау үйымдастыруды қажет етеді (кардиоревматолог), ол кесел рецидиві мен асқынуларының алдын алуға бағытталады.
Болжамы: Жедел басталып, соңы түрақты ремиссияға ауысқанда сәтті деуге болады. Аурудың ағымы жиі рецидивтермен жүрсе, мүгедектік дамуы, летальдық қауіпі артады.
Достарыңызбен бөлісу: |