Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет74/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Этиологиясы: полиэтиологиялы ауру. Жара ауруының пайда болуында маңызда орын хеликобактер (Helicobacter pylori) алады. Маңызды бейімдеуші фактордің бірі тұқымқуалаушылық.Сонымен қатар дұрыс тамақатанбау, психоэмоциональды стресс, эндокриндік бұзылыстар жасөспірім шақтағы, зиянды әдеттер, стероидты гормондар, аспирин және т.б дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау, экологиялық факторлер (хром, қорғасын, кадми).
Клиникасы: балаларда көбіне 12-елі ішектің ойық жаралары кездеседі. Ойық жаралардың мөлшері әртүрлі болуы мүмкін: кіші мөлшерлі -0,5 см дейін, орташа мөлшері-1 см дейін, үлкен мөлшерлі-2 см дейін, алып мөлшерлі – 2см-ден жоғары.
Клинико-эндоскопиялық мәліметтер бойынша 4 сатыға бөледі:

  1. «жаңа түзілген ойық жара»

  2. Эпителизацияның басталуы

  3. Кілгей қабықтағы дефектің жазылуы.

  4. Клинико-эндоскопиялық ремиссия.

Ағымы бойынша:

  • өршу,

  • өршудің басылуы

  • ремиссия фазалары болады.

Ойық жара ауруының негізігі классикалық түрі ауырсыну синдромымен болады. 1-ші сатыда ауырсынудың сипаты анық болмайды. Асқазан ойық жарасында ауырсыну тамақ ішкен бойда болады. 12-елі ішектің ойық жарасында тамақ ішкен соң 2-4 сағаттан соң, түнде, ашқарында болады. Өршу маусымдық болып келеді. Аурсыну ұстамалы, шаншып, тесіп ауырсыну, кейде төстің ішкі жағына, жүрекке немес оң жақ бел аймағына беріледі. Ашқарында аурысыну тамақ ішкен соң уақытша басылады.
Сонымен қатар қыжылдау, кекіру, құсу, іш қату болады. Тәбеті әдетте жақсы болады. 2-ші сатыда ауырсыну тартып, сыздап ауырады. Тамақ ішкенде ауырсыну басылады. Түнгі ауырсыну болмйды. 3-ші саты ауырсыну интенсивтілігі азаяды, нақты локализация болмайды. Тамақтан соң ауырсыну ұзақ уақытқа жойылады, түнгі уақытта асқазын тұсында «сорып» ауырсыну сезімі болады. 4-ші сатыда клиникалық симтомдары болмайды.
Аурудың асқынулары: қан кету, пенетрация, перфорация
Диагностикасы: эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулер нәтижесінде қойылады. Хеликобактерді анықтау. Биопсиялық материальды гистологиялық, бактериологиялық және биохимиялық тексеру жасалады.
Емі: өршу фазасында стационарлық ем беріледі. Емінің негізгі шарттары оптимальды күн тәртібі мен рциональды тамақтану. Өршу кезінде төсектік режим. Диетатерапия 5-10 күнге 1б стол, 6 айға 1стол, артынан 5 столға көшіріледі. Тамақты күніне 5-6 рет аз-аздан, асықпай 20-30 минут ішу. Түнде тамақ ішпеген дұрыс.
Медикоментозды емі: 1. Тұз қышқылының секрециясы мен агрессиясын басатын дәрілер – антацидтер (альмагель, фосфогель, маалокс), висмуд препараттары (викалин, викаир, де-нол, пилорид). Күніне 3-6 рет 3-4 апта.
Антисекреторлық препараттар (ранитидин, фамотидин, низатидин, роксатидин).
2. пленкатүзуші препараттар (висмут субстраты, де-нол, сукралфат), эпителидің тез жазылуына облипиха, шиповник майы, солкосерил, витамин У, В әсер етеді.
3.хеликобактерге қарсы антибиотиктер (амоксициллин, сумамед, метронидозол). Емнің ұзақтығы 4 аптадан кем болмауы керек.
4. симптомды ем (ауырсынуда –но-шпа, папаверин, платифилин), рефлюкс кезінде (церукал, мотилиум), жүйке жүйесін тынышталдыру үшін седативті терапия (пустырник, валеранка, седуксен).
5. физиотерапия (электросон, ионофарез новокаинмен, парфин, озокерит аппликациясы, ультрадыбыс).
6. ЕДШ және массаж, миниральды сулар ( «боржоми», «есентуки»)
Алдын алу. Біріншілік алын-алу: физикалық және эмоциялық күш түсуді шекті. Созылмалы инфекция ошағын санциялау (глист инвазиясын, лямблиоз, ішек инфекциясын). Екіншілік: күзде, көктемде рецидивке қарсы ем жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет