Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет100/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Жеке дара өндіріс– шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Сериялы өндіріс– жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланыстысериялы,орта сериялыжәнеірі сериялыболып бөлінеді.
Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден байқалады:

  • мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;

  • жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;

  • өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру;

  • өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің өзіндік құнын елеулі кеміту

Жалпы түрде кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігі ресурстардың ең аз шығындарымен ең жоғары нәтижелерге жетуді білдіреді. Тиімділіктің жалпы көрсеткіші болып максимум пайданың өндірістің құнына қатынасы табылады, оны тиімділік коэффициенті арқылы көрсетеді: maxКжт=П/(Sнөқ·На+Sаөқ/Кақ +Sжк), мұнда: П – өнімді өткізуден түскен пайда; Sнөқ – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық баланстық құны; На – орташа амортизация нормасы; Sаөқ – айналым өндірістік қорларының құны; Кақ – айналым құралдарының айналымдылығының коэффициенті; Sжк – жұмыс күшінің құны (еңбек ақы). Өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің материал сиымдылығы (Мс), қор сиымдылығы (Қс), капитал сиымдылығы (Кс) мен еңбек сиымдылығының (Ес) жеке көрсеткіштерімен құрылады. Сондықтан олардың төмендеуі өндірістің экономикалық тиімділігінің жалғыз көзі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық нәтиже түрінде салықтар мен төлемдерді төлегеннен кейін қалған өнімді өткізуден түскен таза пайда көрсеткіші алынады. АҚ (акционерлік қоғам) жағдайында экономикалық нәтиже ретінде өткізуден түскен таза пайда, еңбек ақы (ЕА), әлеуметтік сақтандыру (ӘС) мен дивидендтерден (Д) құрылатын таза табыс қарастырылады. Бұл нәтижені қамтитын шығындар капиталдық салынымдар немесе инвестициялар деп аталатын бір жолғы шығындарға жатады. Сондықтан, өндірістің пайдалылығын арттыруға бағытталған шаралардың тиімділігі жөнінде сөйлегенде, экономикалық тиімділік таза пайда немесе таза табыстың бір жолғы шығындарға қатынасы түрінде анықталады: ЭТкс=Пт/Кс немесе ЭТ=Тт/Кс, мұнда: ЭТкс – капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігі; Пт – салықтар мен төлемдерді төлегеннен кейін қалған өнімді өткізуден түскен таза пайда; Кс – капиталдық салынымдар немесе инвестициялар (капиталдық салынымдарға тағайындалған қаржы ресурстары); Тт – таза табыс: Тт = Пт +ЕА+ӘС+Д. Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтағанда таза пайда немесе таза табыс барлық өндіріс ресурстарын (материалдық және оларға теңестірілген ресурстар және негізгі өндірістік қорлар) пайдалану шартында құрылады. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады: – өнімнің немесе жеке бұйымның бірлігіне шаққандағы материалдық және оларға теңестірілген ресурстардың шығындары; – айналым құралдарының айналымдылығы (айналымдар саны). Негізгі өндірістік қорлар мен капиталдық салынымдарды пайдаланудың тиімділігі қор қайтарымы (Қорқ) және капитал қайтарымы (Капқ), қорлардың пайдалылығы (табыстылығы) және бір жолғы капиталдық шығындардың экономикалық тиімділігі (ЭТкс) арқылы бағаланады: Қорқ =Өөт/(Нөқ+Аөқ) және Капқ =∆Өөт/Кс, Пқор =Пөт/(Нөқ+Аөқ) және ЭТкс =∆Пөт/Кс, мұнда: Өөт – өткізілген өнім; Нөқ және Аөқ – негізгі және айналым өндірістік қорлары; Пқор – қорлардың пайдалылығы; Пөт – өткізуден түскен пайда. Нақты еңбекті пайдалану деңгейін арттырудың тиімділігін бағалауға келесі көрсеткіштер қажет: – еңбек өнімділігі (∆ЕӨ) мен орташа еңбек ақының (∆ЕА) өсу қарқындарының ара қатынасын сипаттайтын коэффициент; – еңбек өнімділігін арттыру арқасында өнім өсімінің үлесі (∆Ө): ∆Ө=(1 – ∆ЖС /∆ЕӨ)∙100%, мұнда: ∆ЖС – жұмысшылар (немесе өндірістік персонал) саны өсімі; – нақты еңбекті үнемдеу: Үе= ЖСб∙ (1 – ∆ЖС /∆ЕӨ) мұнда: ЖСб – базалық кезеңдегі жұмысшылар (немесе өндірістік персонал) саны. Нарықтық экономика жағдайында осы көрсеткішткрдің қайсы бірінің нашарлануы кез келген жеке немесе коллективтік кәсіпкерді (АҚ, серіктестік, кооператив) экономикалық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан өндірісті басқару тәжірибесінде кәсіпорынның өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижелерін сипаттайтын жалпылама көрсеткіштер жүйесі маңызды орын алады – өнімді өткізу мен өткізуден түсетін пайда. Өндірістің экономикалық тиімділігін талдау мен бағалау осы көрсеткіштердің арттыру резервтерін анықтауымен аяқталады. Өнімді шығару мен өткізуді арттырудың негізгі құралы болып еңбек өнімділігі мен сапалы және бәсекеге қабілетті өнімнің келісілген бағасын жоғарлату табылады: ∆Өөт=Өөт.б∙∆qЕӨ∙∆qКБ, мұнда: Өөт.б – базалық кезеңде өткізілген өнім; ∆qЕӨ – еңбек өнімділігін арттыру коэффициенті; ∆qКБ – өнімнің келісілген бағасын арттыру коэффициенті. Өнімнің материал сиымдылығы (Мс), қор сиымдылығы (Қс) мен еңбек сиымдылығының (Ес) төмендеуі өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, нәтижеде пайда өседі, егер осы уақытта өнім шығарудың физикалық көлемі өссе және сапа мен келісілген бағаның жоғарлауы қамтамасыз етілсе, онда бұл факторлар өнімді өткізуден түскен пайдаға келесідей әсер етеді: ∆Пөт = ∑[(КБкі–ӨҚкі)–(КБді–ӨҚді)]∙(ФКбі+∆ФКеі), і=1,...,n , мұнда: ∆Пөт – база ретінде алынған пайдаға қарағанда пайда көлемінің (массасының) өсуі; КБкі және КБді – өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша шараларды енгізуге дейін және одан кейін і–к өнімнің келісілген бағасы; ӨҚкі және ӨҚді – өнімнің өзіндік құнын төмендету бойынша шараларды енгізуге дейін және одан кейін і–к өнімнің толық өзіндік құны; ФКбі – базалық кезеңде і–к өнімді шығару мен өткізудің физикалық көлемі; ∆ФКеі – есепті кезеңде і–к өнімді шығару мен өткізудің физикалық көлемінің өсімі. Осы көрсеткіштер бойынша өндірістің тиімділігіне жету үшін нәтижелерді барынша арттыру (өзгермейтін ресурстар шартында өнімнің максимумы), ресурстарды барынша азайту (өзгермейтін өндіріс көлемі шартында ресурстардың минимумы) және нәтижелерді оңтайландыру керек, өйткені осы кезде ағымдағы және бір жолғы шығындарды барынша азайту шартында бәсекеге қабілетті өнімді өткізу мен пайданы барынша арттыру тенденциясы қамтамасыз етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет