Тақырып 12 Еңбекті ұйымдастыру және нормалау 1.Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру, оның мәні, мазмұны және мәселелері.
2.Көп жабдықтық қызмет көрсету нысандары, өндірістің алуан түрлеріндегі жұмыс орындарына қызмет көрсету жуйесі.
3.Нормалау түсінігі және фунциялары. Еңбек нормаларының түрлері, жұмыс уақыты шығындарының жіктелуі.
1.Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру, оның мәні, мазмұны және мәселелері. Еңбек – бұл тауарлар өндіру, қызмет көрсету кезінде пайдаланатын адамдардың дене күші мен ойлау қабілеттіктерін және сол қабілеттіктерді іске асыратын үдерісті білдіретін термин. Қазіргі еңбекақы жұмыскерлер табысының негізгі бөлігін құраушы болғандықтан еңбекке ақы төлеу түрімен олардың еңбектерімен материалдық ынталандыру формасы болып табылады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді.
Еңбеақының төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады:
• Мерзімдік, және келісімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
• Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқумен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
• Қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
• Сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шартта және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады.
• Демалыс уақыттарына ақы төлеу;
• Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
• Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
• Жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптік әрбір саласын құрастыратын тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тарифтік мөлшерлеме (еңбекақы) – бұл жұмыс уақытының бірлгі үшін (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын орындаған қызметкерлердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Тарифтік тор – бұл разрядтың және оған меншіктілігінің тарифтік коэффициенттік арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттері арасындағы алашақтықтар әртұүрлі және олар өнеркәсіптің әртүрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен жәе бөлінісінің дәрежесімен анықталған. өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді саналатын 6 разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.
Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесін қолданады. Лауазымды жалақы қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік еңбек мөлшері.
Кәсіпорындарда еңбек ақы жүйесін дұрыс ұйымсдастыру қызметкерлердің еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы ынталандыруға олардың еңбек нарығына бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге тиімділік деңгейін анағұрлым арттыруға жағдай жасайды. Еңбекақыны үйлесімді түрде үйлестіруді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің жалопы нәтижесінде қызметкер қабілетінің қосқан еңбек үлесіне сәйкес келуін қамтамасыз етеді, яғни еңбек өлшемімен тұтыну өлшемінің арасында сәйкестік орнату.
Сонымен, еңбек ресурстары - жеке кәсіпорын, халық шаруашылығының өрісі немесе оның территориялық бірлік ауқымында қоғамдық өндіріске қатысатын жеке жұмыскерлердің жиынтығы.