Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелері 4.Еңбекті ынталандыру әдістері



бет109/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

3. Еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелері 4.Еңбекті ынталандыру әдістері.
Нарыққа көшу кезеңінде экономикалық қатынастарды реформалау осы кезеңге барабар еңбекақысын төлеу тетігін құрудың тұжырымдамалы негізін жасау қажеттілігінен туындатып отыр. Бұл талап қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында өріс алып отырған экономикалық өзгерістер сипаты алға тартып отыр.
Мемлекет меншігін күрт жекешелендіру, ірі шаруашылық субъектілерін шетел инвесторларына сату немесе басқаруға беру және осылардың негізінде әлеуметтік мәртебесі әр түрлі қоғамдық топтарды – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлерді – топтастыру «еңбекақы» санатына жатқызылатын көптеген теориялық және әдістемелік ережелерді қайта қарауды талап етіп отыр.
Осылайша, қазіргі уақытта шаруашылық субъектілерге қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жағдайын белгілеу саласында шектеусіз еркіндік берілген. Жалғыз ғана түзету – қызметкердің еңбекақы мөлшері бекітілген ең төмен еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс. Сонымен қоса «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заң жұмыскерлер мен қызметкерлерді қазіргі таңда күші бар «Жұмыскерлер кәсібі мен жұмысының тарифтік – мамандық анықтамасы» және «Жұмыскерлер қызметінің мамандық анықтамасына» сәйкес міндетті тарифтеуді жүргізуді талап етеді. Бұл арада мына бір жағдайды ескеру қажет. Осыған дейін республикада 1986ж. бекітілген және қызметкерлерді разряд бойынша тарифтеуді қарастырмайтын мамандар мен басқа да қызметкерлер, басшылар қызметтерінің Мамандық анықтамасы қолданылып келеді. Демек, жоғарыда аталған шаруашылық субъектілердің еңбекақы төлеуді ұйымдастыру саласындағы еріктілігі тек жұмыскерлерге қатысты.
Тағы бір ескеретін жайт – қайта қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» заңына сәйкес еңбектік қарым – қатынас саласындағы келісім – шарттарды, соның ішінде әлеуметтік әріптестік едәуір жоғары деңгейінде қол жеткізілген еңбекақыны төлеу мәселесі, иерарархиялық бағынышты сатыда жасалған келісімдер мен шарттарды орындау міндетті болып табылады. Дегенмен, жалпы алғанда еңбек қатынастарын ұжымдық – келісімді реттеумен, жеке алғанда еңбекақыны реттеу әдістерінің мәселені шешуге тұжырымды және ғылыми - әдістемелік жолмен кіріспеуі салдарынан бұл саладағы үдерістерге таяу болашақта қандай да бір ықпалын тигізеді деп айтуға болмас.
Қазақстанда қайта құру үдерістерінің нәтижесінде түзілген қызмет ақыны төлеуді ұйымдастыру үлгісі экономиканың нақты секторына еңбекақыны төлеу шарттарын белгілеуде толық дерлік еркіндігі беріліп, сонымен бірге бұл мәселеге мемлекеттің өте аз көлемде араласуына негізделген (заңмен бекітілген ең төменгі еңбекақы мөлшері және жұмыскерлер мен қызметкерлерді міндетті тарифтеу). Бұл еңбекақыны реттеуге шын мәнінде нарықтық тәсіл қолданудың жалған көрінісін тудырады.
2.Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.
Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет