Айналым капиталының саралануы. Айналым капиталының өндіріс үдерісіндегі орны мен рөліне қарай, ұйымдастыру қағидасы мен түзілу көзі бойынша сараланады.
1. Өндірістік үдерістегі орны мен рөлібойынша айналым капиталы өндірістік айналым қоры және айналыс қорлары болып екіге бөлінеді.
Өндірістік айналым қорына өндірісте алдағы уақытта өндіріске қажетті материалдық запастар мен аяқталмаған өндіріс өнімі жатады. Айналым капиталының едәуір бөлігі (шамамен 80 пайыз) өндіріс саласында қамтылған, себебі тек өндіру барысында ғана жаңадан құн түзіледі.