Аяқталмаған өндірісті мөлшерлеу. Аяқталмаған өндіріс- тегі меншікті айналым капиталының нормативін есептеу үшін аяқталмаған өндіріске жұмсалған айналым капиталының мөлшерін және тауарлық өнімді өндіруге жұмсалған біркүндік шығын көлемін анықтап алу қажет.
Айналым капиталының мөлшері өндірістік циклдің ұзақтығы мен шығындардың өсу коэффициентіне қатысты есептеледі.
Өндірістік цикл келесі кезеңдерді камтиды:
а) тікелей өңдеу үдерісін (технологиялық қор);
б) өңделетін бұйымдардың жұмыс орындарында жатып қалу
уақыты (көліктік қор);
в) жабдықтардың жұмыс атқару тәртіптері әр түрлі болуына
байланысты және т.б. өңделуші бұйымның жекелеген
операциялар мен жеке цехтар арасында болатын уақыты
(айналым қоры);
г) бұйымның жаппай өндірісінде үзілістер болуына байланысты
сақтандыру қоры түрінде болуы (сақтандыру қоры).
Өндірістік цикл ұзақтығын есептеуге келесі мәліметтер белгілі болсын делік. (6.3 кесте).