3. Шығындар орталығының өзіндік құны. Бұл өзіндік құн өнім өндірудің белгілі бір аяқталған технологиялық циклының іс-әрекетімен байланысты кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар) бойынша қалыптасады. Бұл технологиялық циклды менеджер басқарады, ол тек шығындар орталығына байланысты шығындарға жауап береді. Сондықтан өзіндік құнның құрамына шығындар орталығының іс-әрекетіне байланысты шығындар ғана кіреді және ол кәсіпорынішілік есепті іске асыру үшін қажетті көзі болып табылады.