Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет59/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Нормативтік өзіндік құн. Нормативтік өзіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан айрмашылығы, ол материалдық және еңбек қорлары шығындарының ағымдық мөлшерлері негізінде есептеледі, осы мөлшерлер жылына неше рет өзгерсе, сонша рет ол да өзгеріп отырады. Жыл басында ол жоспарлы өзіндік құннан жоғары, ал жыл соңында одан төмен болуы мүмкін. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындарды есептеу әдістері қолданатын кәсіпорындарда нормативтік өзіндік құны орын табады.

3.Кәсіпорынның өнімді өндіруге жұмсайтын шығындары: элементтер бойынша өнімнің өзіндік құнына қосылатын, аралас, қаржылық нәтиже-лерге жатқызылатын, таза пайданың арқасында жүзеге асырылатын


1.Өнімнің өзіндік құны экономикалық негізгі қасиеті бар және оның жалпы деңгейіне әртүрлі әсер ететін көптеген шығындар түрінен құрылады.


Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар құрамына іріленген түрінде мына төмендегілерді қосуға болады:

  • өнімнің жаңа түрлерін дайындау және игеру үшін қажетті шығындар;

  • өнімнің жоспарланған көлемін өндіру мен сату үшін қажетті шығындар;

  • кадрларды дайындау және қайта дайындау үшін шығындар;

  • өнімнің сапасын және бәсекелестігін жоғарылату үшін қажетті шығындар;

  • техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін қаражаттар.

Өзіндік құн құрамында аталған шығындардан ең көп үлес алатыны, сөзсіз, жоспарланған өнім көлемін өндіру және сату үшін қажетті ағымдық шығындар.
Салалар бойынша өзіндік құнды құрайтын шығындардың құрамы бірдей емес. Мысалы, кен өндіру өнеркәсібінде өнімнің өзіндік құнында шикізат сияқты шығын түрі жоқ. Ал өңдеу өнеркәсібінде шикізат шығындардың маңызды түрі болып табылады.
Өндірілетін өнімнің заттық негізін құрайтын шикізаттардан бөлек, өнеркәсіп көптеген басқа да, өнімнің құрамына енгенімен, бірақ оның негізі болмайтын, материалдарды пайдаланады.
Шикізатпен бірге өнімнің заттай мазмұнын құрайтын мұндай материалдар негізгі материалдар деп аталады.
Тек технологиялық үдерісті орындауға ғана әсер ететін материалдар көмекші материалдар деп аталады.
Жоспарлау және есепке алу тәжірибесінде технологиялық мақсаттарға пайдаланатын отын және энергия жеке дара көрсетіледі, себебі олар өнеркәсіп өнімінің өзіндік құнының елеулі көлемін құрайды және сонымен қатар оның деңгейіне елеулі әсер етуі мүмкін.
Шикізат, негізгі және көмекші материалдар, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның барлығы материалдық шығындар болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнында оны өндіру және сату үдерісінде пайдаланатын негізгі қорлардың құны да бейнеленеді. Негізгі қорлардың құны өзіндік құнға олардың тозуына сәйкес келетін мөлшерде амортизациялық аударымдар ретінде қосылады.
Материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдардан басқа өнімнің толық өзіндік құнының құрамына кәсіпорындағы жұмыскерлердің барлық санатының еңбекақысын қамтитын еңбекақы қоры түріндегі еңбек шығындары кіреді.
Еңбекақымен қатар өнімнің өзіндік құнына әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер (әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру қоры) кіреді, бұлар еңбекақы қорынан заң бойынша бекітілген пайызбен анықталады.
Аталғандардан басқа мазмұны жағынан материалдық та, еңбек шығындарына да жатпайтын өзге де ақшалай шығындар тобы бар. Бұларға жататындар: кеңселік, пошталық, телеграфтық шығындар, телефонға төлемдер, іс-сапар шығындары, кеңестерге төлем, банкте есеп айрысу жұмысын жүргізу ақысы, ақпараттық қызмет, несие пайыздары, салықтың кейбір түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет