Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Тақырып 5 Пайда, рентабельділік және бағаның қалыптасуы



бет60/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Тақырып 5 Пайда, рентабельділік және бағаның қалыптасуы
1.Өнімді сатып өткізуден түсетін түсім.
2.Кәсіпорын табыстарын қалыптастырудың негізгі көздері.
3.Негізгі қызметтен, мүлікті сатып өткізуден, сатып өткізуден тыс операциялардан түсетін пайда


1.Өнімді сатып өткізуден түсетін түсім.
.Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндірістік шығындарының арасындағы айырма.
Пайда = Табыс – Шығындар
Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.
Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.
Экономикалық пайда – бұл жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырма.
Шаруашылық субъектісі деңгейінде пайданың бүтін жүйесі пайда болады: жалпы (баланстық) пайда, өнімді өткізуден түскен пайда, өткізуден тыс операциялардан түскен пайда, таза пайда.
Жалпы (баланстық) пайда өнімді өткізуден түскен пайда мен өткізуден тыс операциялардан түскен пайда жиынтығынан тұрады:
Пж = Пө.ө. + Пө.т.о.
Өнімді өткізуден түскен пайда өнімді өткізуден түскен табыс пен өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар айырмасы ретінде анықталады:
Пө.ө. = Тж – ҚҚС – А – Ш
Тж – жалпы табыс
ҚҚС – қосымша құн салығы
А – акциздер
Ш -өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар
Өнімді өткізуден тыс операциялардан түскен пайда:
Пө.т.о. = Тө.т.о. – Шө.т.о.
Тө.т.о. - өткізуден тыс операциялардан түскен табыс
Шө.т.о. - өткізуден тыс операциялардан түскен шығындар
Таза пайда жалпы пайдадан салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет