Қаржы ресурстары ұғымы. Нарықтық экономикада қаржы жайын ойластыру кәсіпорын іс-әрекетінің бастапқы бастау шегі мен соңғы нәтижесі болып табылады. Әрбір шаруашылық шеңдігі оны іске асыруға қажетті қаржы ресурсын тартудан басталады. Кәсіпорынның қаржы ресурсы—бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген қайта жаңғыртуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының табыстары және амортизациялар, сыртқы табыстар мен кідіртілген төлемдер түріндегі бір бөлігі. Шығу тегіне қарай қаржы ресурстары ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) қаражаттар болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі (меншікті) ресурстар таза пайда және амортизация түрінде, сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлері, салық органдары, бюджеттен тыс мекемелер алдындағы міндеттемелер түрінде болады. Кәсіпорынның қаржы ресурстары (ішкі де, сыртқы да) кәсіпорынның қарамағында болған уақытына қарай қысқамерзімді (бір жылға дейін), ұзақмерзімді (бір жылдан артық) болып бөлінеді. Дегенмен, мұндай бөліп-ажырату шартты түрде ғана болады, ал уақыт аралығының ауқымы тек бір елдің қаржылық заңнамасына, қаржылық есеп беру ережелеріне, сондай-ақ ұлттық дәстүрлеріне де тәуелді болады.