Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Кәсіпорын қаржыларының мәні мен функциялары



бет66/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Тақырып 6 Кәсіпорын қаржылары

1.Кәсіпорын қаржыларының мәні мен функциялары.

2. Қаржылық механизм. Қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері.

3.Бизнес жоспарлау. Меншікті және қарызға алынатын қаражаттар арасындағы оңтайлы ара қатынасты қамтамасыз ету.


1.Кәсіпорын қаржыларының мәні мен функциялары.


Нарықтық экономика жағдайында болатын экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы маңызды орын алады. Кәсіпорын қаржысы деп оның қарамағындағы барлық ақша қаражаттар жиынтығын, сондай-ақ оны қалыптастыру, бөлістіру мен пайдалану жүйесін айтамыз.
Кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті барысында қаржылық қарым-қатынастар қалыптасады. Қаржылық қарым-қатынастар төрт топтан құралады:
- өзге кәсіпорын және ұйымдармен;
- өзінен жоғары тұратын және бірлесіп жұмыс атқаратын серіктестермен түзілетін кәсіпорын ішіндегі қарым-қатынас;
- қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас.
Өзге кәсіпорын және ұйымдармен түзілетін қарым-қатынастарға жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, құрылыс-құру және тасымалдау мекемелерімен, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым кәсіпорындары және шетел кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Көлемі жағынан өте көп ақша айналымдарына кәсіпорындардың бір-бірімен өзара іске асыратын операциялары кезінде шаруашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға қажетті материалдық құндылықтар сатып алумен және дайын өнімді сатумен байланысты қажетті ақша айналымдары жатады. Мұндай операцияларды ұйымдастыру тікелей түрде кәсіпоран іс-әрекетінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді.
Кәсіпорынішілік қаржылық қарым-қатынастарға кәсіпорынның ішкі бөлімшелері арасындағы қаржылық операциялар кіреді. Бөлімшеаралық қатынастар бекітілген басқару жүйесі мен ішкі коммерциялық есеп жүйесіне негізделеді. Олардың қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін материалдық жауапкершілік пен ынталандырудың тиімді тетігін құруға арналған.
Қаржы-несиелік жүйемен қарым-қатынас әрқилы болып келеді. Ең алдымен, бұл әр деңгейлі бюджеттермен, сақтандыру жүйесімен, бюджеттен тыс қорлар мен несие беру мекемелерімен болатын қарым-қатынас.
Қазақстанның салық жүйесінің кемшілік тұстары баршылық және ол кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызбайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіпорынның іскерлік және инвестициялық белсендігін дамыту үшін өндірісті қолдау мен тиімді инвестициялық тетік құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Көптеген елдерде өндірісті дамытуға бағытталған барлық қаржы қаражаттары немесе оның бір бөлігі салықтан босатылады.
Салықтың ауыр қыспағы болған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастырулың басты да маңызды міндеті—бюджетке төленетін салық төлемдерін оңтайландырудың тиімді әдістемесін құру, салық төлемдерін төлеу күнтізбелік жоспарын жасау, салықтық есеп беруді дайындау және салықтық төлемнің ағымдық қорларын құруды қамтитын дербес салық саясатын белгілеу болып табылады.
Қаржылық жүйенің сақтандыру буынымен арадағы қарым-қатынасы кәсіпорынның мүлкін, валюталық және коммерциялық тәуекелдерін және т.б. сақтандырғаны үшін тиісті компаниялар есебіне қаржы аударуды ұйымдастырудан құралады.
Коммерциялық банктермен арадағы қаржылық қарым-қатынас қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен несие алу немесе өтеуге байланысты түзіледі.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу төлеуші мен төлем қабылдаушы әртүрлі банктер қызметін пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай есеп айрысу банктердің корреспонденттік қатынастарын ұйымдастыру арқылы іске асады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігі кәсіпорынның қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді.
Несие айналмалы капиталды қалыптастырудың, өндірісті дамытудың көзі болып табылады. Дегенмен, қазіргі уақытта несие мөлшерлемелері жоғары болуына байланысты, ол шын мәнінде инвестиция көзі бола алмай отыр. Банктер үшін ұзақмерзімді инвестицилық несиелендіру тәуекелділігі жоғары болғандықтан, банк қызметінің аталған дәстүрлі түрі іс жүзінде кең дамымай отыр. Банктер мен өзге де несие институттары кәсіпорындарға дәстүрлі емес қызмет түрлерін де ұсынады. Олар:
-лизинг;
-факторинг;
-форфейтинг;
-траст және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті - әртүрлі ақша қорларын қалыптастырып, оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айрысу және т.б. іске асырылады.
Мұндай қорларға келесілерді жатқызуға болады:
-жарғылық капитал,
-төленген қосымша капитал;
- төленбеген қосымша капитал;
-резервтік капитал;
-бөлінбеген табыс;
-басқа қорлар.
Аталғандардан бөлек, кәсіпорын мезгілді оралымды ақша қорларын құрайды. Мысалы, кәсіпорында айына бір немесе екі рет еңбекақы қоры түзіледі. Қатал мезгілді түрде (салықтарды төлеу күнтізбесіне сәйкес) кәсіпорын бюджетке төленетін салық түрлеріне арнап қор ұйымдастырады.
Оралымды қор жасақтаудың басты міндеті - ғымдық (оралымды) келесі мәселелерді шешу, яғни:
-еңбекақы төлеу;
-салық төлеу;
-несиелік пайыздарды өтеу;
-ғылыми-техникалық іс-шараларды қаржыландыру және т.б.
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудың мәні - өндірістің соңғы нәтижесіне барынша тиімді түрде ықпал ету мақсатымен ақша қорын қалыптастыру және ақша ағындарының қозғалысымен байланыстырылған қаржылық қарым-қатынас ұйымдастыруды қамтитын қаржы тетігін құру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету, яғни кәсіпорынның қаржылық тетігі ұзақмерзімді, орташамерзімдегі және ағымдағы кәсіпорынның қаржылық даму мақсатына жету үшін қаржылық қарым-қатынас пен ақша қорының оңтайлы әрекеттесуін ұйымдастыратын кәсіпорын басқарудағы ішкі жүйесі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы тетігінің жетекші түрде болуы материалдық өндіріс саласында қаржының жетекші рөл атқаруымен түсіндіріледі. Кәсіпорынның қаржы тетігі қаржының өз қызметін толыққанды әрі барынша тиімді түрде іске асыруына жағдай жасауы тиіс. Кәсіпорынды қажетті қаржы ресурсымен қамтамасыз етуге де дәл осы қаржы тетігі көмегімен қол жеткізеді.
Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеті дербес құрылымдық бөлімшесі қаржы бөлімімен жүзеге асырылады. Қаржы бөлімінің бастығы тікелей кәсіпорын басшысына бағынады. Қаржы бөлімінің жұмысында пайданы бөлу, өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері маңызды орын алады. Осыған байланысты, қаржы бөлімінің міндетіне мыналар кіреді:

  1. Өндірістік және әлеуметтік дамуға қажетті қаржы ресурстарын құру, пайданы ұлғайту, табыстылықты арттыру.

  2. Қаржылық жоспарында көрсетілген бюджет, материалмен жабдықтаушылар, акционерлер алдындағы, сондай-ақ, басқа да қаржылық міндеттемелерді орындау және есеп айрысуды ұйымдастыру.

  3. Өндірістік қорлар мен инвестицияларды неғұрлым тиімді жолмен пайдалануға көмек көрсету.

  4. Қаржылық, несиелік және кассалық ( қазынагерлік) жоспар әзірлеу.

  5. Қорларды тиімді пайдалану, меншікті айналмалы капитал мөлшерін экономикалық тұрғыдан негізделген нормативтерге жеткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жобалау, айналмалы капиталдың айналымдылығын жеделдетуді қамтамасыз ету, қаржы ресурстарының дұрыс пайдаланылуын қадағалау.

  6. Дайын өнім үшін есеп айрысуды тиімді түрде ұйымдастыру және өнім сату жоспарының орындалуын, түсетін пайданы үздіксіз қадағалап отыру және басқа да міндеттер.

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы, несиелік мөлшерлемелердің тым жоғары болуы, төлемдердің дер кезінде өтелмеуі және т.б.), сол себепті дәл қазір кәсіпорынның қаржылық күйін нығайту басты міндет болып отыр.
Кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты қаржылық жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:
1.Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау;
2. Кәсіпорынның стратегиялық қаржы саясатын әзірлеу және оны іске асыру;
3.Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;
4.Кәсіпорынның мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі төмен теңдестік құрылымының орын алуына жол бермеу
5.Пайданы пайдалануды оңтайландыру және неғұрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау;
6.Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай бейімдеу;
7.Қаржы ресурстары көздерін оңтайландыру мақсатында несие берушілер мен инвесторлармен қарым-қатынасты дамыту;
8. Кәсіпорын шығындарын оңтайландыру.
Кәсіпорынның іс-әрекетін кешенді түрде жан-жақты талдап, кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңғай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жұмысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешу мүмкін болады.
Кәсіпорынды кешенді талдау негізінде, оның борышын орындауға бағытталған кәсіпорынның бірыңғай кешенді даму стратегиясына сәйкес оның жұмысын ұйымдастыру тек жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуді ұйымдастыру арқылы жетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет