Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Капиталдық салымдар, олардың кұрамы және құрылымы



бет74/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

2.Капиталдық салымдар, олардың кұрамы және құрылымы
Инвестициялардың түрлері және жіктелуі
Инвестициялық үдеріске тән экономикалық қатынастардың көптүрлілігі инвестицияларды саралауді қажет етеді.
Барлық инвестиция түрлері мақсаттық белгісіне қарай негізгі үш топқа бөлінеді: қаржылық, нақты, материалдық емес активтерді инвестиция.
Қаржылық инвестиция - бұл меншік иесі лауазымына тікелей байланысты, меншіктен түскен табысты иемденуге құқық беретін акция, облигациялар және басқа да құнды қағаздарға капитал салымы, сондай – ақ, банктік депозиттер. Қаржылық инвестициялар күрделі қаржы жұмсаудың қосымша көзі немесе биржада, құнды қағаздар нарығында биржалық ойын құралы бола алады.
Қазіргі жағдайда қаржылық инвестициялардың негізгі түрлерінің бірі болып портфельдік инвестициялар болып табылады. Қор нарығында (құнды қағаздар нарығы) құнды қағаздарды сату – сатып алу операцияларын жүзеге асыру арқылы оңтайлы портфельдік инвестицияны құру және оны басқару инвестордың басты міндеті болып табылады.
Дегенмен, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі материалдық өндірістің әр түрлі салалық кәсіпорындар акцияларына салынғандықтан, оның өндірісті тікелей инвестициядан еш айырмашылығы жоқ.
Қор нарығында инвестор тек бір түрдегі құнды қағаздар сатып алмауы керек. Салымның әр түрлі, әр тарапты болғаны дұрыс, ондай болмаған жағдайда салымның тиімділігі төмен немесе тәуелділік дәрежесі аса жоғары болады. Тәуелділік, негізінен келісім жасалған сәтте, бағаның болашағын болжау қиындығына байланысты, бұл операцияның тиімділігінің белгісіздігіне байланысты (акциялар үшін – болашақ дивидендтер де қосылады). Егер инвестор өз қаржытын қандай да бір компанияның құнды қағаздарына салатын болса, ол құн бағамының өзгерісіне тәуелді жағдайда қалады. Ал бірнеше компаниялар акциясына салым жасау оның әрқайсысының бағамдық өзгеруіне тәуелді болудан сақтайды. Әдетте, орташа бағам (курс) аз өзгереді, себебі бір құнды қағаздарының бағамы артқан сәтте, екіншісі төмендеп, бұл өзгерістер бірін – бірі бәсеңдете алады.
Инвестор өз портфелін құнды қағаздардың бірнеше түрімен қалыптастыруы қажет (вексельдер, әр түрлі компаниялардың акциясы, келісім шарттар, опциондар).
Инвестор – мемлекет немесе акционерлік қоғамдар шығарған акциялар, облигациялар, өзге де құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі инвестициялық жобаға меншікті қаржысын немесе басқадай материалдық немесе зияткерлік құндылықтарымен салым жасайтын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор жүзеге асыратын инвестицияның көлемін, бағыты мен тиімділігін өз бетінше анықтайды.
Құнды қағаздарды сатып алушыларды келесі қағидаға сай бөлуге де болады:

  • инвестор – құнды қағаздар сатып алуда ең алдымен тәуекелдіктің ең аз болғанын ойлайтын адам;

  • алыпсатардың одан айырмашылығы – бұл анықталған тәуекелдікке дайын адам.

  • ал ойыншы болса – кез – келген тәуекелдікке дайын адам.

Инвестициялық институт – заңмен рұқсат етілген кез – келген ұйымдық –құқықтық түрде құрылған заңды тұлға. Заңға сәйкес, инвестициялық кеңесші болып құнды қағаздармен жұмыс жасауда орындаушы қызметін атқарушы ретінде жеке тұлға да бола алады. Инвестициялық институтының құрылтайшысы болып заңды тұлға, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік азаматтар бола алады. Инвестициялық институттар құнды қағаздар нарығында келесі қызмет түрлерін атқарады:

  • брокерлік (делдалдық) қызмет – тапсырыс және комиссиялық келісім – шарттар негізінде құнды қағаздармен әрекет жасауға жағдай туғызатын қызметтер түрін көрсету;

  • дилерлік – өз атынан және өз есебінен құнды қағаздармен жұмыс істеу (соның ішінде бағасы белгіленген құнды қағаздармен);

  • кеңес берушілік – заң жөнінде, экономикалық, техникалық және басқа да кеңестер беру;

  • депозиттік – құнды қағаздарды сақтау, тапсыру және осыған байланысты тіркеу қызметтерін көрсету;

  • клирингтік - құнды қағаздар жөнінде қажетті құжаттар жинау, салыстыру, түзету, даярлау операцияларын атқару;

Осындай қызмет түрлеріне байланысты инвестициялық институттар нарықта келесі келтірілген жұмыс түрін атқара алады:

  • делдалдар, олардың қызметі – клиенттің тапсырысы бойынша және соның есебінен комиссия немесе тапсырыс келісім шарты негізінде құнды қағаздарды сату, сатып алуда делдалдық (агенттік) қызмет атқару;

  • инвестициялық кеңесшілер –олардың іс-әрекеті құнды қағаздар шығару және айналымға жіберу жөнінде кеңес беру қызметін көрсету;

  • инвестициялық компаниялардың қызметі – құнды қағаздар шығаруды ұйымдастыру және оларды орналастыруда үшінші жақтың пайдасын көздейтіндей кепілдеме беру, құнды қағаздарға салым жасау, құнды қағаздарды өз атынан және өз есебінен сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыру (соның ішінде бағасы белгіленген құнды қағаздармен);

  • инвестициялық қорлар қызметі – инвестордың ақша қаражаттарын жұмылдыру мақсатымен акция шығару және оны қордың атынан бағалы қағаздарға, банктік есеп айрысу шотқа және салымдарға салу. Бұл кезде мұндай салымдармен байланысты барлық тәуекелдіктер, нарық бағамының құбылуынан болған барлық табыстер мен шығындар толығымен осы қордың иелеріне (акционерлері) аударылып отырады және қосымша керек қаражаттары қор акцияларының ағымдық құнының өзгеру есебінен табылады (келтірілген операциялар инвестициялық қордың бірегей қызмет түрі болып табылады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет