Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Кәсіпорынныц инвестициялық қызметінің стратегиясы: мазмұны және әзірлеу кағидалары



бет77/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

3.Кәсіпорынныц инвестициялық қызметінің стратегиясы: мазмұны және әзірлеу кағидалары
Инвестицияны есептеу кезеңінде жоспарланып отырған жобаның толық бейнесі, көрінісі байқалады. Осы мақсатта инвестициялық есептеулер жүргізіледі. Олар ұзақ кезеңдерді қамтиды және күрделі салымдар табыстылығын анықтауды қамтамасыз етеді. Инвестиция туралы шешімдер инвестициялық есептеулерге сүйене отырып қабылданады.
Ұзақ уақыт бойы елімізде шаруашылық шешімдерді экономикалық негіздеу мақсатында келтірілген шығындардың ең аз болатын өлшеміне негізделген әдіс кеңінен пайдаланылып келді. Экономиканы орталықтан қатаң басқару жағдайында оңтайлы халық шаруашылығын жоспарлау мақсатына сүйенген мұндай әдіс шаруашылық шешімдердің ғылыми негізделуінде маңызды рөл атқарып, экономикалық дамудың ғаламдық халықшаруашылық мақсатына бағытталғандығын атап өткен дұрыс.
Осылайша инвестициялардың экономикалық тиімділігін бағалау тәсілдері мен әдістерін талдау келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік берді:

  • командалық-әкімшілік экономика тұсында құрылған күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері экономикалық реформалардың қазіргі даму жағдайын теориялық және тәжірибелік қыры жағынан алғанда да қанағаттандырмайды.

  • қаржы ағымдарын талдауға негізделген экономикалық тиімділікті және жалпы инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық мақсатқа лайықтығын бағалаудың динамикалық әдістері де, сондай – ақ, инвестициялық кезеңнің есеп берген жылдары бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асырушы кәсіпорындардың қаржылық ахуалын зерттеуге негізделген статистикалық әдістерін кеңінен пайдаланылатын шетелдік инвестициялық есептеулер жүргізу тәжірибесі үлкен қызығушылық туғызуда.

Инвестициялық жобаның қаржылық көрсеткіштерін болжау жобаның сапалық сипаттамаларын талдау нәтижесінде іске асады және жобаның қаржылық дәлелдігін анықтауға арналған, яғни, бір жағынан, оны жүзеге асыруға байланысты туындайтын қаржылық міндеттемелерді өз мерзімінде, әрі толық көлемде орындау қабілетін (кәсіпорынның немесе кәсіпкердің), екінші жағынан, кәсіпорынның (кәсіпкердің) күш – жігері мен капиталын баламалы түрде пайдаланғанда түсуі мүмкін пайдадан кем болмайтынын анықтауға арналған.
Қаржылық талдаудың анықталған бірінші қыры (аспектісі) жобаның инвестициялық кезеңінде табысдер мен ақша төлемдер тепе-теңдігінің оң шамадағы қалдығын сақтап отыруды, ал екіншісі – жобаға жұмсалатын инвестицияның оң шамадағы экономикалық тиімділігін талап етеді.
Жобаның қаржылық көрсеткіштері құрамына әдетте келесі көрсеткіштер енеді:

  • жобаны іске асырудың инвестициялық кезеңінде бастапқы күрделі салымдардың көлемін анықтайтын инвестициялық шығындар;

  • қаржы табысдерінің көздерін, мерзімін және мөлшерін анықтайтын (қанша ақша болатынын, кәсіпорынның банктік есеп айрысу шотына қанша ақша түсетінін) жобаның қаржылық нәтижелері; ақша көлемін құрайтын табысдер көздері: өнімді (қызметті) өткізуден түскен табысы; сыртқы агенттердің қарыздары мен несиелері; қосымша акциялар эмиссиясы есебінен алынған акционерлік капиталы; жобаның аяқталу кезеңінде бағаланған жобаға қатысқан активтерді сатудан түскен табысы, сондай – ақ талданып отырған жобамен байланысты қосалқы шаруашылықтан түскен табысы құрайды;

  • шаруашылық субъектінің жобаны жүзеге асыру барысында ақша төлемдерінің бағытына, мерзімі мен мөлшеріне байланысты төленетін жобаның ағымдық қаржылық шығындары; төленуге тиісті ақша көлемін құрайтын төлемдерге жоба бойынша пайдаланған негізгі активтердің амортизациялық аударымдарын қоспай, тек өндірістік - өткізу (сату) шығындары; несиелік төлемдері; салық төлемдері; пайдадан төленетін кәсіпорын акционерлеріне дивиденд және басқа да төлем түрлері жатады.

Қаржы көрсеткіштерінің болжамын инвестициялық кезең аралығы бойынша бөліп көрсеткен жөн. Жобаның инвестициялық кезеңі ретінде жобаға бастапқы капитал салған сәттен бастап осы жоба бойынша түскен соңғы қаржылық нәтижелерін алғанға дейінгі уақыт кезеңі алынады. Инвестициялық кезең аралығы туралы мәселені шешуде (ай, тоқсан, жыл), алдымен, ақша табысдері мен төлемдердің болжамды мерзімділігіне, екіншіден, әр уақыт аралығы бойынша болжамдық бағалаудың қолайлы дәлдігіне сүйену керек. Ұзақмерзімді инвестициялық жобалар үшін инвестициялық кезеңнің аралығын әр түрге бөлген дұрыс – жобаны іске асырудың алғашқы жылында ай немесе тоқсанды, ал келесі іске асыратын жылдар кезеңі үшін – жылды алған дұрыс.
Жобаның қаржылық көрсеткіштерді бағалаудың болжамдық сипатын ескере отырып, болжамның негізі болатын бастапқы алғышарттарды анықтап алу қажет. Ол үшін жобаны келешекте жүзеге асыру үдерісінде болатын уақиғаның даму тәуелділігін анықтайтын себеп – салдарлық байланыстың белгілі бір жүйесіне сәйкес келетін көпнұсқалы қаржылық есептеулер жүргізу қажет. Осы мақсатпен қаржылық есептеулер жобаны жүзеге асырудың болжамды үш нұсқасы бойынша жүргізілуі мүмкін:

  • жобаны іске асырудың ең тиімсіз, қолайсыз жағдайы (пессимисттік болжау нұсқасы );

  • жобаны іске асырудың ең қолайлы жағдайы (оптимистік болжау түрі);

  • жобаны іске асырудың неғұрлым ықтимал түрі (ең ықтимал болжау түрі).

Оптимисттік болжау түрі өнімді (қызметті) өткізудің көлемін жоғары белгілейтіні мәлім. Сондықтан, осы нұсқаға сүйене отырып инвестицияланатын капитал қажеттілігін бағалау керек. Пессимисттік болжам нұсқасын жобаның экономикалық тиімділігін бағалауға пайдаланған дұрыс, себебі бұл болжау экономикалық жағынан тиімді болып шықса, онда жобаның тиімділігі басқа болжау нұсқалары үшін де сақталатыны анық. Өйтпеген жағдайда, экономикалық тиімділікті есептеуді болжаудың басқа нұсқаулары бойынша өткізіп, алынған нәтиже бойынша жобаны жүзеге асыруға байланысты қауіп деңгейіне баға беріледі.
Жобаның қаржылық көрсеткіштерін болжаудың әдістемелік амалы ретінде алдағы болатын оқиғалар мен олардың салдарын «мүмкін болатын оқиға – оқиғаның ықтималдығы – оқиғаның салдары» логикалық тізбегі түрінде болжау жасалуы мүмкін. «Белгісіздікті формальды түрде бейнелеу» деген атауға ие болған бұл әдіс бойынша жобаны іске асырудың көптеген мүмкін шарттарын, оның әрқайсысы үшін мүмкін шығындар мен нәтижелерді анықтап, белгісіздік мәліметтері туралы бастапқы ақпаратты жобаның іске асырудың жекелеген шарттар ықтималдығын бағалау және жобаның күтілген тиімділігін бағалау жүргізіледі.
Жобаның экономикалық тиімділігін бағалау үшін оның экономикалық тартымдылығы, бір жобаның басқаларынан қаржылық артықшылығы туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін әр түрлі өлшемдерін пайдаланылуы мүмкін.
Инвестициялық есептеу әдістерін бірқатар белгілері бойынша саралауге болады. Инвестициялық есептеуде уақыт факторын ескеру әдісі бойынша әдістер мына түрге бөлінеді:

  • статикалық, мұнда әр уақыт мерзімінде пайда болған ақша табысдері мен төлемдері тең бағалы деп бағаланады;

  • динамикалық әдісте әр түрлі уақыт кезеңінде пайда болған ақшалай табысдер мен төлемдер жинақтау арқылы біртұтас уақыт мерзіміне келтіріледі, сөйтіп олардың салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.

Инвестициялардың экономикалық тиімділік өлшемінің түрінде көрінетін жалпылама көрсеткіші бойынша инвестициялық есептеу әдістерін былай бөлуге болады:

  • абсолюттік, мұнда өлшем ретінде инвестициялық жобадан түскен ақшалай табысдер мен сәйкесінше төлемдер арасындағы айырымдық көрсеткіштер пайдаланылады.

  • салыстырмалы, бұл әдісте жалпылама көрсеткіштер жобаның қаржылық нәтижелерінің құндық мөлшерінің оларды алуға жұмсалған құндық шығындарының жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады;

  • мерзімдік, мұнда инвестицияның қайтымдылық кезеңі (өтелу мерзімі) бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет