Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері



бет85/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері 
Ұтымды ұйымдастырылған өндірістік процестің маңызды принциптеріне үздіксіздік, ырғақтылық және пропорционалдық жатады.
Үздіксіздік дайын өнімнің үздіксіз өндірісінде еңбек затының үздіксіз өңделуін білдіреді. Өндірістік процестің үздіксіздігі негізгі қорларды неғұрлым толық пайдалануды, айналым құралдарының аса жылдам айналымдылығын қамтамасыз етеді.
Ырғақтылық кәсіпорынның өнімді берілген жоспар (кесте) бойынша біртектес шығаруын білдіреді. Ырғақтылық кәсіпорынның барлық цехтары мен бөлімшелерінде өндірістің біртектес жүруін қамтамасыз етеді, бұл жерде оның өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау үлкен рөл атқарады.
Өндірістік процестердің пропорционалдығы операциялардың тепе-теңдігін немесе қысқалығын білдіреді. Пропорционалдық негізгі өндіріс пен көмекші бөлімшелер арасында сақталуы тиіс. Кәсіпорынның дамуында қандай да бір бөлімше негізгі өндіріс мұқтаждықтарын қамтамасыз етпейтін немесе оның қажеттіліктерінен асып кететін диспропорцияға жол бермей сандық пропорцияларды сақтау қажет. Бұл екі жағдайда да өндірістік процестің ырғақтылығы, үздіксіз жүруі, кәсіпорын жоспарымен белгіленген уақытылы өнім өндірісі бұзылып, өнімнің өзіндік құны едәуір артады.
Өндірісті ұйымдастырудың өз әдістері мен даму нысандары бар. Қазіргі уақытта өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдістеріне толассыз (жаппай), топтық (сериялы) және бірлік әдістер жатады. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында олар ішінара қолданылады.
Өндірісті ұйымдастырудың толассыз (жаппай) әдісі жаппай өндірісті ұйымдастырудың негізгі әдісі болып табылады. Ол біртектес өнімді жаппай көлемде үздіксіз шығарумен сипатталады. Толассыз өндірісте бұйымдар бір операциядан кейін келесісіне арнайы құрылғылар көмегімен тез беріледі.
Өндірісті ұйымдастырудың топтық (сериялы) әдісі өнімді сериялармен шығаруды білдіреді және осыған байланысты жұмыс орындарында өңделетін өнімдер түрінің өзгеріп отыруымен және өнімнің жаңа сериясын (партиясын) дайындау үшін орын алатын артығымен дайындауға байланысты жабдық жұмысындағы кезеңдік үзілістермен сипатталады. Бұл әдіс маманданудың төмен дәрежесін білдіреді. Оның артықшылығы өндірістің бір өнім түрінен кбасқасына көшу жеңілдігі болып есептеледі. Оны жаппай өндіріс кәсіпорындарының толассыз әдіспен ұйымдастырылған жекелеген учаскелерінде қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет