Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет84/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Процестің кеңістікте орналасуы дегенде операциялардың жұмыс орындары бойынша орналасуын түсінеді. Процестің уақыт ағымында орналасуы – бұл өндірістік процестің ұзақтығын анықтайтын өндірістік процестің әртүрлі операцияларының орындалуының уақыт ағымында үйлесу дәрежесі.
Процестің кеңістік пен уақыт ағымында орналасуы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Егер, мысалы, өндірістік процес бес операциядан тұрса және олардың барлығы өз жұмыс орындарында бір уақытта орындалса, онда процесс уақыт ағымында толықтай үйлестірілген және кеңістікте бөлістірілген. Егер олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс кеңістікте толықтай үйлестірілген және уақыт ағымында бөлістірілген (бұл жағдайда уақыт әйлесімі орын алмайды). Процестің кеңістікте орналасуының әрбір түріне оның уақыт ағымында орындалуының белгілі бір тәртібі сәйкес келеді және де ол операциялардың үйлесу түрімен және еңбек затының бір жұмыс орнынан келесісіне берілу тәртібімен анықталады.
Операциялардың үйлесуінің үш түрі бар: кезекті, параллель және параллель- кезекті.
Кезекті үйлесу әрбір келесі операцияның алдыңғысы аяқталғаннан кейін орындалуын білдіреді. Мысалы,мұнара құрылысында оған қатысты барлық процестерді қатаң ретпен бірінен соң бірін орындау қажет. Әйтпесе өндірістік міндетті (мысалы, мұнара құрылысы) шешуге жұмсалатын уақыт аса ұзақ болады. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарында операциялардың кезекті үйлесуі қолданылмайды.
Операциялардың кезекті үйлесуі жағдайында процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы Ткез төмендегі формуламен анықталады: 
m
Ткез=Σtшт,
1
мұнда, tшт – операцияның әрқайсысының ұзақтығы;
т – операциялар саны.
Операциялардың параллель үйлесуі олардың уақыт ағымында толықтай үйлесуімен сипатталады. Мұндай үйлесу әрбір операцияның бір жұмыс орнындағы бірдей ұзақтығы мен орындалу мүмкіндігінде ғана мүмкін болады. Тәжірибе жүзінде мұны жүзеге асыру қиын болғандықтан үйлестірудің бұл түрін қолдану шектеулі болады.
Операциялардың параллель-кезекті (аралас) үйлесуі – мұнай және газ өнеркәсібіндегі операцияларды үйлестірудің ең кең тараған түрі. Мұнда операциялардың бір бөлігі кезекті, ал бір бөлігі параллель орындалады. Операциялардың параллель-кезекті (аралас) үйлесуінде процестің технологиялық бөлігінің ұзақтығы Тар келесі формуламен анықталады: 
m
Тар=Σtшт – Σtпер,


мұнда, tпер – әр аттас операцияларды жабудың жалпы уақыты.
Барлық өндірістік процесс өзара әрекеттесуші әртүрлі еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығын білдіреді және ұтымды үйлестіруді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет