Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Өндірістік ұйымның негізгі ұйымдастырушылық нысандары (акцио-нерлік қоғамдардың, фирмалардың, компаниялардың және т.с.с.)



бет79/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

2.Өндірістік ұйымның негізгі ұйымдастырушылық нысандары (акцио-нерлік қоғамдардың, фирмалардың, компаниялардың және т.с.с.).

Өндірісті ұйымдастыру – бұл өндірістік процесті жүргізу мақсатында еңбек құралы, еңбек затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс мынадай негізгі принциптер ден құралады: мамандандыру, пропорционалдық паралельдік, үздіксіздік және бірқалыптылық.


Кез келген кәсіпорындағы өндірістік процестер уақыты және кеңістігі жағынан келісімдеуді Процестерді бірлестіру және үйлестіру бір қатар қағидаларға негізделеді. Олар:
1. Мамандану – еңбектің цехтар мен жұмыс орындарының арасында бөлінуі.
2. Пропорционалдық – бір процестің әр түрлі жұмыс орнына теңдей өткізгіштік қабілеттілікті білдіреді және сәйкесінше артық капитал шығыны мен техникалық жабдықтаудың болмауын білдіреді.
3. Үздіксіздік – жұмыс жабдықтары мен еңбек заттарының қозғалысындағы үзілістердің максималды қысқаруын білдіреді.
4. Параллелділік - әр түрлі операциялардың бір уақытта орындау деңгейін анықтайды. Ол еңбек заттарын өңдеуді бірлестіруден тәуелді болады және тізбекті, тізбекті – параллелді және параллелді операциялардың бірлесуінен көрінеді.
5. Дәлдік – еңбек заттарының операциялар арасында қайтымды қозғалыссыз, өтетін қысқа жолды білдіреді.
6. Қарқындылық - өнімнің шығарылымы мен операцияның біртекті орындалуын сипаттайды.
7. Техникалық жабдықтау – зиянды және ауыр еңбекті, қол еңбегін жоюмен бірге өндірістік процестерді тізбекті автоматтандыру және механикаландыруруды білдіреді.
8. Икемділік. Өнім номенклатурасының өзгеруі шартында жабдықты жедел қайта жөндеу. Икемді өндірістік жүйені енгізуді қамтамасыз етеді.
Бұл қиғидалар кәсіпорындарда әр түрлі деңгейлерде жүзеге асады және өнім номенклатурасының кеңдігінен, реттлігінен және өндірілетін өнім көлемінің тұрақтылығынан, қолданылатын жабдықтың түрінен, кадрлар біліктілігінен және өндірістік цикл ұзақтығынан тәуелді болады. Тәжірибеде аталған факторлар комбинациясы өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастырудың үш басты типін бөлуге мүмкіндік береді:
- бірлікті өндіріс – ассортименті үлкен, біртекті бұйымның аз көлемі, жұмыс орнының мамандануының болмауы;
- сериялық өндіріс өнімнің шектелген ассортиментік дайындаумен анықталады;
- жалпы өндіріс үлкен көлемде, мамандандырылған жұмыс орнында өнімнің аз номенклатурасын дайындаумен ерекшеленеді. Бұл жерде автоматтандыру мен механикаландыру қол еңбегін азайтады және өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

Әрбір кәсіпорын қызметінің негізін өндірістік процесс құрайды. Барлық өндірістік процесс – бұл өзара байланысты еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығы.


Еңбек процесі еңбектен, еңбек заттары мен еңбек құралдарынан тұрады. Еңбек процесінің нәтижесі еңбек өнімі болып табылады, яғни адамның мақсатты бағытта еңбек құралы көмегімен еңбек затын өзгеріске ұшыратуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет