Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет78/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Тақырып 8 Өндірісті ұйымдастыру


1.Қазіргі заманғы жағдайларда өндірісті ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жетілдіру.
2.Өндірістік ұйымның негізгі ұйымдастырушылық нысандары (акцио-нерлік қоғамдардың, фирмалардың, компаниялардың және т.с.с.).
3.Кәсіпорын құрылымы. Цехтар мен қызмет көрсететін шаруашылықтар мен қызметтердің жіктелуі.



    1. Қазіргі заманғы жағдайларда өндірісті ұйымдастыру нысандары мен әдістерін жетілдіру.

Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы, дайындау көлемі мен қайталануына байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы. Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара (жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.


Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.
Бұл түрдегі өндірістің маңызды ерекшеліктері:

  • көбінесе қайталанбайтын өнімнің көп атаулығы;

  • технологиялық мамандану бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру;

  • бөлшектер мен агрегаттардың тұрақты атаулысын, белгілі бір жұмыскерлерге құрастыру және құрастыру операцияларын бекіту мүмкіндігінің болмауы;

  • әмбебап құрал-жабдық пен технологиялық жасақтауды пайдалану;

  • қолдан құрастыру мен аяқтау операцияларының үлкен көлемінің болуы;

  • өндірістік үдерісте қамтылған жоғары білікті әмбебап- жұмыс- керлер санының басым болуы;

  • өндірістік циклдің ұзақтығы;

  • аяқталмаған өндірістік өнімнің көлемі едәуір болуы;

  • ағымды (оралымдық) - өндірістік жоспарлау мен өндірісті басқаруды орталықсыздандыру;

  • өнім сапасын бақылау үдерістерін автоматтандырудың қажетсіздігі;

  • өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігінің болмауы;

  • еңбек үшін төленетін еңбекақының салыстырмалы көп болуы.

Топтамалық өндіріс - бірыңғай өнімнің кең атауларын (номенклатурасын) ұзақ уақыт бойы қайталанып отыратын жағдайда топтамамен дайындауды білдіреді.
Топтама (серия) деп өндірісте партиялап, бір мезгілде немесе бір ізділіктімен үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратын құрылысы бірдей өнімдер қатарын шығарумен түсіндіріледі.
Топтамалы өндіріс үдерісін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері:

  • едәуір көлемде дайындалатын, қайталанып отыратын өнімнің салыстырмалы үлкен атауларының тұрақтылығы;

  • бірнеше бекітілген операцияларды орындау үшін жұмыс орнын мамандандыру;

  • өнімдерді топтамамен дайындау, бөлшектерді партиямен өндіру кезеңділігі;

  • технологиялық жабдықтау, арнайы және маманданған құрал-жабдықтардың басымдылығы;

  • қолдан құрастыру және аяқтау операцияларының көлемінің аздығы;

  • орта білікті жұмыскерлер санының басым болуы;

  • өндірістік цикл ұзақтығының аздығы;

  • оралымдық - өндірістік жоспарлау және өндірісті басқарудың орталықтануы;

  • дайындалатын өнім сапасын бақылауды автоматтандыру; өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді қолдану;

  • бөлшек пен өнімдердің конструкцияларын бірыңғайландыру;

  • технологиялық үдерістер мен жабдықтануды бір түрге келтіру.

Топтамалық өндіріске ұшақ және мотор құрастыру зауыттары мысал бола алады.
Бір кезде дайындалатын өнімнің санына байланысты топтамалық өндірісті ұсақ, орташа және ірі топтамалы деп атайды.
Жаппай өндіріс – бірдей өнім түрінің шектеулі атауларын көп көлемде дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын, ауылшаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс – кәсіпорындарында біратаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамандануының жоғары түрі. Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірістің басты шарты – бөлшектер, тораптар мен агрегаттар құрастыру кезінде олардың сапасын стандарттау мен үйлестірудің жоғары деңгейінде болуы керек.
Жаппай өндірісті ұйымдастыруға келесі ерекшеліктер тән:

  • өнімнің аз номенклатурасын қомақты көлемде қатаң бекітілген тәртіппен өндіру;

  • жұмыс орындарының, әдетте, бір белгіленген операцияны орындауға мамандануы; жұмыс орындарын операцияларды орындау кезегіне қарай орналастыру;

  • арнайы және мамандандырылған құрал-жабдықтардың және технологиялық жабдықтардың үлкен меншікті үлесі;

  • кешенді – механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық үдерістердің жоғары пайызы;

  • операцияға даярлану – қорытынды уақытының аз мөлшері;

  • қолдан құрастыру және аяқтау жұмыстар көлемінің күрт қысқаруы; жұмыс орындарын жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі;

  • әрқайсысы өзіне бекітілген бір операцияны орындайтын біліктілігі жоғары емес жұмыскерлер еңбегін қолдану;

  • топтамалы өндіріспен салыстырғанда өндіріс циклының ұзақтығының аздығы;

  • өндірісті басқару мен жоспарлауды орталықтандыру;

  • өндірісті үздіксіз алыс жерден бақылап отыру;

  • кәсіпорынға автоматты басқару жүйесін ендіру (КАБЖ);

  • өнімнің сапасын бақылауды автоматтандырудың жоғары деңгейі;

  • өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістерін кеңінен қолдану.

Өндірістің түрі кәсіпорын құрылымына, өндірісті тиімді ұйымдастыру деңгейлері, шарттары мен талаптарына үлкен ықпал етеді.
Мысалы, жеке-дара өндірісте кәсіпорын құрылымында ұсталық және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар мен технологиялық жабдықтандыруды даярлайтын дербес цехтары, дайындаушы телімдері болмайды.
Топтамалы өндірісте, керісінше, кәсіпорын құрылымында әрқашан дерлік ұста және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар, технологиялық жабдықтандыру, металл өңдеу цехтары; өлшеу, химиялық, қыздыру, металтану зертханалары; орталықтан жоспарлау, диспетчерлік қызмет және басқа да бөлімшелер болады.
Жаппай өндірісте кең мөлшерде мамандырылған негізгі және көмекші өндірістер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер болуы тән. Бөлшектер, әдетте орталықтанған түрде дайындалатын ұтымды дайындамалардан жасалады. Стандартсыз жабдықтар және технологиялық жабдықтар өндірісі де осы тәсілмен жүзеге асады. Оларды дербес құрылымдық бірлік болып табылатын цехтар өз тұтынушыларына жеткізеді. Кәсіпорын бөлімдеріне бас конструктор, бас технолог, бас дәнекерлеуші, бас металлург, бас энергетик, бас механиктің, сондай-ақ өнімді стандарттау және үлестіру бөлімдерінің дербес қызметтері кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет